Архивы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі - Tizgin kz

Еңбек министрлігіне жаңа вице-министр келді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып Айнұр Әбдірахманова тағайындалды. Ол бұған дейін ведомствоның Әлеуметтік көмек департаментін басқарған, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Жаңа вице-министр туралы не белгілі

Айнұр Әбдірахманова 1984 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Д.А. Қонаев атындағы университетті, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы Ақмола облысы Қорғалжын аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде бастаған.

2007-2008 жылдары Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

2008-2020 жылдар аралығында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі құрылымдарында сарапшылық және басшылық қызметтерді атқарды.

Еңбек өтілі

2020-2022 жылдары «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-да жұмыс істеген. 2022-2024 жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің департамент директорының орынбасары қызметін атқарды.

2024 жылдан бастап жаңа тағайындауға дейін министрліктің Әлеуметтік көмек департаментін басқарды.

Айта кетейік, 4 қараша күні Виктория Шегай Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылған болатын. Ол бұл лауазымды 2025 жылдың маусымынан бері атқарды.

Шегай бұған дейін Алматыда кішкентай сәбиін қолына ұстап, курьер болып жұмыс істеген әйелге қатысты айтқан пікірімен қоғам назарын аударған еді. Сол кезде шенеунік бұл жағдайды отбасылық бюджет пен отбасы ішіндегі қарым-қатынас мәселесі ретінде бағалаған болатын.

Сообщение Еңбек министрлігіне жаңа вице-министр келді появились сначала на Tizgin kz.

2027 жылдан бастап жұмыссыздық төлемі үш айға дейін қысқарады: не өзгереді
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыссыздық бойынша әлеуметтік төлемді алудың ең ұзақ мерзімі алты айдан үш айға дейін қысқарады. Сондай-ақ, төлемнің ең жоғары мөлшеріне шектеу қойылады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Ведомствоның мәліметінше, жұмысынан айырылған қазақстандықтар мемлекет тарапынан жұмысқа орналасуға жәрдем, кәсіби білім алу және қайта даярлау мүмкіндіктерін пайдалана алады. Ал міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысқан азаматтарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) әлеуметтік төлем қарастырылған. Дегенмен мұндай төлемді алу үшін азамат алдымен ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелуі қажет.

Жұмыссыз қалған азаматтар қайда жүгінуі керек

Жұмысынан айырылған адам ең алдымен жұмыс іздеуші ретінде тіркелуі тиіс. Мұны бірнеше жолмен жүзеге асыруға болады:

Тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына жүгіну;

kz электрондық үкімет порталы арқылы өтініш беру;

kz Электрондық еңбек биржасында тіркелу.

Тіркелу кезінде азамат өзінің білімі, кәсіби дағдылары, еңбек тәжірибесі және қандай жұмыс іздеп жүргені туралы мәліметтерді көрсетуі керек.

Мансап орталығының мамандары ұсынылған ақпарат негізінде бос жұмыс орындарын таңдауға көмектеседі. Сондай-ақ азаматқа қолжетімді мемлекеттік қолдау бағдарламалары туралы түсіндіреді. Егер лайықты жұмыс табылмаса және заңнамада белгіленген талаптар орындалса, азамат ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркеледі.

Жұмыссыз қалғандарға қандай көмек көрсетіледі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің түсіндіруінше, жұмыссыз азаматтарға жағдайына, білімі мен еңбек тәжірибесіне байланысты бірнеше қолдау шарасы ұсынылады.

Олардың қатарында:

Кәсіби оқыту және қайта даярлау. Азамат жаңа мамандық меңгеріп немесе бұрынғы кәсіби біліктілігін арттыра алады.

Жастар практикасы. Жастарға кәсіби тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беріледі.

Субсидияланатын жұмыс орындары. Белгіленген талаптарға сәйкес азаматтар мемлекеттік қолдау арқылы жұмысқа орналаса алады.

Кәсіпкерлікті қолдау. Өз ісін ашуды жоспарлаған азаматтарға тиісті бағдарламалар аясында көмек көрсетіледі.

Ерікті түрде қоныс аудару. Жұмыс табу мақсатында басқа өңірге қоныс аударуға ниетті азаматтарға белгіленген шарттарға сәйкес қолдау ұсынылады.

Қолдау шаралары әр адамның жағдайы мен тиісті бағдарламалардың талаптарына қарай жеке анықталады. Сонымен қатар, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысқан және жұмыссыз мәртебесін алған азаматтарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем тағайындалуы мүмкін.

Бұл төлем жаңа жұмыс іздеу кезеңінде жоғалған табыстың бір бөлігін өтеуге бағытталған. Оның мөлшері соңғы 24 айда әлеуметтік аударымдар жүргізілген табысқа және азаматтың міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты есептеледі.

2027 жылдан бастап әлеуметтік төлем қалай өзгереді

Еңбек министрлігінің мәліметінше, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмысынан айырылуына байланысты берілетін әлеуметтік төлемнің ең ұзақ мерзімі алты айдан үш айға дейін қысқарады.

Сонымен қатар төлемнің ең жоғары мөлшеріне шектеу енгізіледі. Ол ең төменгі жалақының жеті еселенген мөлшерінің 45 пайызынан аспауға тиіс, алайда бұл барлық жұмыссыз азамат бірдей мөлшерде ақша алады дегенді білдірмейді. Әр адамға тағайындалатын төлем оның бұрынғы табысы мен міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне қарай жеке есептеледі.

Айта кетейік, 2026 жылғы 1 қазаннан бастап Қазақстанда жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындаудың жаңартылған тәртібін пилоттық жоба аясында қолдану қарастырылған. Ал 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап үш айлық ең жоғары мерзім заңнамалық деңгейде енгізіледі.

Министрлік әлеуметтік төлемнің мерзімі қысқарғанымен, жұмыссыз азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау толық тоқтатылмайтынын түсіндірді. Мемлекеттің негізгі мақсаты – азаматтардың жаңа жұмыс табуына, кәсіби дағдыларын дамытуына және еңбек нарығына қайта оралуына жағдай жасау.

Жұмысынан айырылған қазақстандықтар тұрғылықты жеріндегі мансап орталығына жүгіне алады. Ал бос жұмыс орындары мен жұмыспен қамтуға қатысты мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат Enbek.kz порталында қолжетімді.

Сообщение 2027 жылдан бастап жұмыссыздық төлемі үш айға дейін қысқарады: не өзгереді появились сначала на Tizgin kz.

Жұмыссыз мәртебесі қалай беріледі: Қазақстанда жаңа тәртіп күшіне енді
Елде жұмыссыз мәртебесін алу тәртібіне өзгеріс енгізілді. 1 қазаннан бастап өзіне қолайлы жұмыс іздеу кезеңі екі күннен 13 күнге дейін ұзартылды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Жұмыс іздеуге 13 күн беріледі

Бұл туралы мұның алдында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлаған болатын. Министрлік ақпаратынша, осы уақыт ішінде Мәнсап орталығы мамандары азаматтың еңбек өтілі, білімі мен дағдыларын егжей-тегжейлі зерделеп, оған сәйкес келетін бос жұмыс орындарын ұсына алады. Қажет болса жұмыс берушілермен де байланысады.

Егер азаматқа қолайлы жұмыс табылса, 13 күн күтудің қажеті жоқ. жұмыссыз мәртебесін алу үшін белгіленген мерзімнің аяқталуын күтудің қажеті жоқ. Бұдан бөлек, азаматтарға кәсіби оқыту, субсидияланатын жұмыс орындары және жұмыспен қамтуға бағытталған басқа да қолдау шаралары ұсынылуы мүмкін.

Төлем әзірге өзгермейді

1 қазаннан бастап жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемді тағайындау тәртібі өзгермейді.

Бұған дейін министрлік 1 қазаннан бастап жұмыссыздық бойынша төлем мерзімі қысқаратынын хабарлаған болатын. Дегенмен бұл өзгерісті енгізу кейінге қалдырылды. Осы жылдың соңына дейін төлем қолданыстағы тәртіп бойынша беріледі.

Қазір жұмысынан айырылған азамат әлеуметтік төлемді алты айға дейін ала алады. Оның мөлшері соңғы 24 айдағы әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыс пен міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты есептеледі. Қазір төлем мөлшері әлеуметтік аударымдар жасалған орташа айлық табыстың 45 пайызын құрайды.

2027 жылдан 1-қаңтарынан бастап не өзгереді

Келер жылдың басынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемді алу мерзімі ең көбі үш ай болады.

Төлем мерзімі азаматтың міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу ұзақтығына қарай белгіленеді:

6 айдан 12 айға дейін – 1 ай;

12 айдан 24 айға дейін – 2 ай;

24 айдан және одан көп – 3 ай.

Төлем мөлшері азаматтың соңғы 24 айдағы орташа айлық табысы мен әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу мерзіміне қарай есептеледі.

Сонымен қатар төлемнің ең жоғары мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының жеті еселенген мөлшерінің 45 пайызы деңгейінде белгіленеді. Мысалы, егер 2027 жылы ең төменгі жалақы 85 мың теңге деңгейінде сақталса, жұмыссыздық бойынша ең жоғары төлем 267 750 теңге болады.

Жұмысынан айырылса, қайда жүгінеді

Жұмысынан айырылған азамат алдымен жұмыс іздеуші ретінде тіркелуі қажет. Ол үшін тұрғылықты жері бойынша Мәнсап орталығына жүгіне алады немесе eGov.kz порталы мен Enbek.kz электрондық еңбек биржасы арқылы тіркелуге болады.

Мәнсап орталығы азаматқа лайықты бос жұмыс орындарын ұсынады. Егер сәйкес жұмыс табылмаса, азамат жұмыссыз ретінде тіркеледі.

Бұдан бөлек, жұмыс іздеушілерге кәсіби оқыту және қайта даярлау, субсидияланатын жұмыс орындары, қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы, кәсіпкерлік бастаманы қолдау және жұмыс күші қажет өңірлерге ерікті түрде қоныс аудару сияқты жұмыспен қамту шаралары ұсынылады.

Сообщение Жұмыссыз мәртебесі қалай беріледі: Қазақстанда жаңа тәртіп күшіне енді появились сначала на Tizgin kz.

Қазақстанда жәрдемақы алатындар табысына қарай бес топқа бөлінуі мүмкін
Осындай ұсыныс білдіргендер есебінше, адамның қай топқа жатқызылатыны бірқатар әлеуметтік төлем мөлшеріне әсер етеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Есептеу тәртібі өзгеруі мүмкін

Соңғы жылдары Қазақстанда декреттік төлемдер мен бала күтіміне байланысты жәрдемақы көлемі әйелдің декретке шыққанға дейінгі табысына сәйкес есептеліп келді. Яғни ресми жалақысы жоғары болған сайын төлем мөлшері де көп болды.

Енді бұл тәсілді өзгерту ұсынылып отыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі заңға тиісті түзетулер әзірледі. Соған сәйкес, азаматтар табысы мен әлеуметтік жағдайына қарай бірнеше санатқа бөлінеді. Осы арқылы кімнің мемлекеттік қолдауға қаншалықты мұқтаж екені анықталатын көрінеді.

Министрлік бұл тәсілді әлеуметтік жағдайды бағалаудың жаңа әдістемесі ретінде қарастырып отыр. Адам немесе отбасы қай санатқа жатқызылса, 14 түрлі әлеуметтік төлемн мөлшері соған байланысты белгіленеді.

Олардың қатарында:

бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы;

бала бір жарым жасқа толғанша күтіміне байланысты жәрдемақы бар.

Министрлік жауабы

Министрлік Tengrinews-тің ресми сауалына берген жауабында аталған өзгерістер мемлекеттік көмекті нақты мұқтаж адамдарға бағыттауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Жоба отбасының (адамның) әлеуметтік әл-ауқат деңгейін бағалаудың ашық тетігін енгізуді көздейді. Бұл әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілікті объективті түрде анықтап, мемлекеттік қолдаудың атаулылығын арттыруға мүмкіндік береді», – делінген министрлік жауабында.

Жобаға сәйкес азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты А-дан Е-ге дейінгі бес деңгейге бөлінеді. Санат отбасы құрамы мен оның табысы туралы мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі деректер негізінде анықталады.

Сообщение Қазақстанда жәрдемақы алатындар табысына қарай бес топқа бөлінуі мүмкін появились сначала на Tizgin kz.

1 қазаннан бастап күшіне енеді: жұмыссыз мәртебесін алудың жаңа тәртібі белгіленді
Қазақстанда азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу тәсілдері жетілдіріледі. Бұл туралы 2026 жылғы 22 қыркүйекте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Жұмыс іздеу мерзімі ұзартылады

Министрліктің мәліметінше, 1 қазаннан бастап жұмыссыз мәртебесін алғанға дейін лайықты жұмыс іздеу мерзімі 2 күннен 13 күнге дейін ұзартылады.

Осы уақыт ішінде мансап орталығының мамандары азаматтың жұмыс тәжірибесін, білімі мен дағдыларын мұқият зерделеп, оған сәйкес келетін бос жұмыс орындарын іріктейді. Қажет болған жағдайда жұмыс берушілермен де байланысады.

Жұмыс ертерек табылса, 13 күн күтудің қажеті жоқ

Егер азаматқа лайықты жұмыс 13 күн аяқталғанға дейін табылса, белгіленген мерзімнің соңына дейін күтудің қажеті болмайды.

Қандай қолдау шаралары ұсынылады

Бос жұмыс орындарын ұсынумен қатар, азаматтарға оқу курстары, субсидияланатын жұмыс орындары және басқа да қолдау шаралары ұсынылуы мүмкін.

Қайда тіркелуге болады

Алғашқы қадам – жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу. Оны мансап орталығында, eGov арқылы немесе Enbek.kz электрондық еңбек биржасында жасауға болады.

Жаңа мансаптық маршруттың қалай жүзеге асатыны және азаматтар нені білуі керектігі туралы толығырақ ақпарат министрлік жариялаған видеода көрсетілген.

Сообщение 1 қазаннан бастап күшіне енеді: жұмыссыз мәртебесін алудың жаңа тәртібі белгіленді появились сначала на Tizgin kz.

Павлодар облысындағы алты жұмысшының өлімі: Жұмыс беруші толық кінәлі деп танылды
Павлодар облысындағы «Aqtogai Milk» ЖШС-де алты жұмысшының қаза болуына әкеп соққан топтық жазатайым оқиғаға жүргізілген арнайы тексеру аяқталды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

6 жұмысшы көмірсутегінің әсерінен қаза тапты

Тексеру барысында жұмысшылардың бірі кәріз құдығында күкіртсутегінен уланғаны анықталды. Оған көмек көрсетуге ұмтылған басқа жұмысшылар да құдыққа кезекпен түскен. Салдарынан бір-бірін құтқаруға тырысқан алты жұмысшы күкіртсутегінің әсерінен қаза тапты.

Комиссия жұмысшылардың қауіптілігі жоғары жұмыстарды қауіпсіз орындау бойынша тиісті оқудан өтпегенін және қажетті жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілмегенін анықтады.

Қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілмеген

Сонымен қатар, кәріз құдығындағы жұмыстарды ұйымдастыру кезінде, оның ішінде авариялық жағдай туындаған және құтқару жұмыстары жүргізілген кезде қауіпсіздіктің қажетті деңгейі қамтамасыз етілмеген.

Үкіметтік комиссияның жұмысы қорытындысы бойынша жұмыс беруші – «Aqtogai Milk» ЖШС-нің кінә дәрежесі 100 пайыз деп белгіленді.

Арнайы тексеру нәтижесінде жазатайым оқиғаның себептері мен мән-жайлары айқындалып, жауапты лауазымды тұлғалар белгіленді. Сондай-ақ, анықталған бұзушылықтарды жою және алдағы уақытта осындай жағдайларға жол бермеу жөнінде ұсынымдар әзірленді.

Еңбек министрлігі ескерту жасады

Осыған байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Павлодар облысының және басқа да өңірлердің жұмыс берушілерін қауіптілігі жоғары жұмыстарды, оның ішінде құдықтарда, резервуарларда және басқа да жабық кеңістіктерде жүргізілетін жұмыстарды қауіпсіз ұйымдастыруға ерекше назар аударуға шақырады.

Жұмысшыларды қажетті жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге, оларды жұмысты қауіпсіз орындау әдістеріне тиісті деңгейде оқытуға, сондай-ақ авариялық жағдай туындаған кездегі іс-қимылдарға және құтқару жұмыстарын жүргізуге дайындауға ерекше көңіл бөлу қажет.

Қауіптілігі жоғары жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау – жұмыс берушінің тікелей міндеті әрі жұмысшылардың өмірі мен денсаулығын қорғаудың негізгі шарттарының бірі.

Оқиға желісі

Еске салсақ, Павлодар облысының Жоламан ауылында сүт фермасының аумағындағы кәріз құдығында жұмыс жүргізу кезінде алты адам қаза тапқан болатын.

Марқұмдардың қатарында 1983 жылы туған Е. С. Яроцкий, 1963 жылы туған Ж. Ж. Қайдаров, 1998 жылы туған Рахат Расул болған. Сондай-ақ, қаза тапқандардың үшеуі бір отбасының мүшелері екені белгілі болды. Олар: 1975 жылы туған Бауыржан Мұхаммед және оның 2006 жылы туған ұлы Дархан Мұхаммед пен 2009 жылы туған ұлы Дәулет Мұхаммед.

Қайғылы оқиға «Aqtogai Milk» ЖШС-да болған. Жұмысшылар кәріз құдығына орнатылған электр сорғысының ақауын жөндеп жатқан.

«Aqtogai Milk» ЖШС Павлодар облысындағы ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорны «Ақтоғай-Агро» компаниясына тиесілі.

Сондай-ақ, «Стальмонтаж», «Ақтоғай-Агро» және Aqtogai Milk компанияларының бас директоры, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Александр Терентьев қамауға алынғаны туралы хабарладық. Бұл туралы Жергілікті журналист Болат Аманбаев әлеуеттік желі парақшасына жазды

Сообщение Павлодар облысындағы алты жұмысшының өлімі: Жұмыс беруші толық кінәлі деп танылды появились сначала на Tizgin kz.

Кадр тапшы өңірлерге көшкендерге үй алу үшін 7 млн теңгеге дейін беріледі
Қазақстанда маман тапшылығы байқалатын өңірлерге ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы жаңартылып, мемлекеттік қолдау күшейтілді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Қаражатты үй сатып алуға пайдалануға болады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ақпаратынша, енді экономикалық ұтқырлық сертификатының ең жоғары мөлшері 7 млн теңгеге дейін (1 625 АЕК) ұлғайтылды. Бұны жаңа өңірден үй сатып алуға пайдалануға болады.

«Бағдарлама аясында қоныс аударушыларға көшу шығындарына субсидия беріледі, тұрғын үйді жалдау мен коммуналдық қызмет ақысы өтеледі. Сондай-ақ жұмысқа орналасуға қолдау көрсетіліп, жаңа өңірге көшпей тұрып-ақ бос жұмыс орындарын таңдау мүмкіндігі қарастырылған», – делінген хабарламада.

Бағдарлама цифрлық форматқа көшірілді

Осы жылғы өзгеріске сәйкес, аталған бағдарламаға жұмыссыз азаматтар ғана емес, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар мен шаруа қожалықтары басшыларының қатысу мүмкіндіктері бар.

Бағдарлама толық цифрлық форматқа көшірілді. Өтініш беру шарттарымен, сұранысқа ие мамандықтармен және бос жұмыс орындарымен migration.enbek.kz порталында танысуға болады.

Министрлік 2017 жылдан бері бағдарламаға 73,9 мың адам қатысып, 31 мыңы тұрақты жұмыспен қамтылғандығы жөнінде мәлімет бөлісті.

Кімдер көтермеақы алады

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті директорының орынбасары Маржан Мұхамедбек елдің денсаулық сақтау жүйесінде 280 мыңнан астам медицина қызметкері еңбек ететінін айтқан болатын. Оның ішінде 84 мыңға жуығы – дәрігерлер.

Оның айтуынша, елімізде бірқатар медициналық бағыттар бойынша маман тапшылығы әлі де өзекті мәселе болып отыр.

«Республика бойынша терапевт, хирург, кардиолог, онколог, анестезиолог-реаниматолог және сәулелік диагностика дәрігерлері аса тапшы мамандықтар санатына жатады. Халық санының көп болуына байланысты мұндай мамандар Астана мен Алматы қалаларында да жеткіліксіз. Ауылдық жерлерге жұмысқа барған тапшы мамандық иелеріне 8,5 миллион теңге көлемінде көтермеақы беріледі. Сонымен қатар соңғы жылдары дәрігерлердің жалақысы кезең-кезеңімен шамамен 30 пайызға өсті», – деді ол.

Осылайша көтермеақы ауылдық жерлерге жұмысқа орналасатын және мемлекет айқындаған тапшы мамандықтар тізіміне кіретін дәрігерлерге қарастырылған. Бұл тетік өңірлердегі кадр жетіспеушілігін азайтып, білікті мамандарды ауылдық елді мекендерге тартуды көздейді.

Сообщение Кадр тапшы өңірлерге көшкендерге үй алу үшін 7 млн теңгеге дейін беріледі появились сначала на Tizgin kz.

Бірыңғай мемлекеттік тізілім: министрлік психологтарға арналған заңды іске асыруға кірісті
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте Мемлекет басшысы 2026 жылғы 2 шілдеде қол қойған «Психологиялық қызмет туралы» ҚР Заңын іске асыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Аталған заң алғаш рет психологиялық қызметті жүзеге асырудың құқықтық негіздерін қалыптастырып, психологтардың кәсіби қызметіне қойылатын бірыңғай талаптарды айқындайды. Сонымен қатар, құжат психологиялық көмек алу кезінде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.

Кеңес барысында заңды іске асырудың негізгі бағыттары мен оны жүзеге асыру үшін қажетті заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мәселелері талқыланды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Психологтардың мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын, Психологтардың кәсіби әдеп кодексін, сондай-ақ заңда көзделген өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу міндеті жүктелді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев атап өткендей, бастапқы кезеңдегі негізгі міндет – психологиялық қызметті реттеудің ашық әрі түсінікті жүйесін қалыптастыру.

«Психологтардың кәсіби қызметіне бірыңғай тәсілдерді қалыптастыру, заңды іске асырудың тиімді тетіктерін әзірлеу және азаматтардың психологиялық көмек институтына деген сенімін арттыру үшін қажетті жағдай жасау аса маңызды», – деді министр.

Қазіргі уақытта министрлік заңға тәуелді нормативтік құқықтық базаны әзірлеу жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, психологтардың мемлекеттік тізілімін цифрлық форматта іске асыру және оны қолданыстағы мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграциялау мәселелері пысықталуда.

Бұдан бөлек, заң нормаларын сапалы іске асыру мақсатында кәсіби қауымдастықпен, мемлекеттік органдармен және мүдделі ұйымдармен өзара іс-қимыл жолға қойылады.

Заңды іске асыру қажетті нормативтік-құқықтық, ұйымдастырушылық және цифрлық инфрақұрылымды кезең-кезеңімен қалыптастыруды ескере отырып жүзеге асырылатын болады.

Сообщение Бірыңғай мемлекеттік тізілім: министрлік психологтарға арналған заңды іске асыруға кірісті появились сначала на Tizgin kz.

Ең төменгі жалақы 150 мың теңге бола ма: министр жауап берді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың сөзінше, ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге дейін көтеру туралы шешім әлі қабылданған жоқ, деп хабарлайды Tizgin.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІП ЖАТЫР

Аталған сома Қазақстан ұмтылуы тиіс мақсат ретінде қарастырылып жатқан көрінеді. Министрдің айтуынша, Қазақстанда ең төменгі жалақыны анықтау әдістемесі бекітіліп, барлық мүдделі мемлекеттік органдарға жолданған.

Ең төменгі жалақыны (ЕТЖ) есептеу кезінде екі негізгі көрсеткішті: медианалық жалақы мен еңбек өнімділігін ескеру жоспарланған.

“Біз ең төменгі жалақы экономиканың нақты мүмкіндіктерімен бірге өсуі үшін осындай тәсілді таңдадық”, – деп түсіндірді Ертаев.

Қазір мемлекеттік органдар ЕТЖ-ның ықтимал өсуі аударымдар мен әлеуметтік төлемдердің мөлшеріне қалай әсер ететінін, сондай-ақ қандай қосымша шығындар қажет болатынын анықтау үшін есептеулер жүргізіп жатыр.

Бюджеттік ұйымдар үшін ең төменгі жалақының көтерілуі республикалық және жергілікті бюджеттер шығыстарының артуын білдіреді. Бұл ретте жеке сектордағы жұмыс берушілер де жаңа талаптарды орындауы тиіс болады.

“Егер шешім қабылданса, оған бәрі дайын болуы керек. Сондықтан бұл мәселені “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, кәсіподақтармен және жұмыс берушілермен талқылау қажет”, – деп жалғастырды министр.

МИНИСТР НЕ АЙТТЫ

Ертаевтың сөзінше, қазіргі ЕТЖ мөлшерін – 85 мың теңгені қайта қараған дұрыс. Мұны үкіметтің экономикалық блогы да түсініп отыр. Алайда шешім қабылданбас бұрын мемлекеттік бюджет пен бизнестің мүмкіндіктерін бағалау керек.

Шенеунік ең төменгі жалақының кезең-кезеңімен көтерілуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.

“150 мың теңге – бұл қабылданған шешім емес, ұмтылу керек мақсат. Мұндай көрсеткіш медианалық жалақының шамамен 50 пайызына тең бағдармен байланысты”, – деді еңбек министрі.

Осылайша, ең төменгі жалақыны көтеру мерзімі мен оның болашақ мөлшері әлі анықталған жоқ. Түпкілікті шешім есептеулер аяқталып, мемлекеттік органдармен, бизнеспен және қызметкерлер өкілдерімен талқыланғаннан кейін қабылданады.

Сообщение Ең төменгі жалақы 150 мың теңге бола ма: министр жауап берді появились сначала на Tizgin kz.

Қазақстандықтар төрт күндік жұмыс аптасына көше алады: ол үшін не істеу керек
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың сөзінше, елдегі жекелеген салалар уақыт өте келе төрт күндік жұмыс аптасына көше бастайды, деп хабарлайды Tizgin.kz Tengri TV YouTube-арнасына сілтеме жасап.

МИНИСТР НЕ АЙТТЫ

Министр төрт күндік жұмыс аптасын енгізу мүмкіндігі заңнамада қарастырылғанын атап өтті. Осындай жұмыс тәртібі ұйым қызметінің ерекшелігі, жұмыс беруші мен қызметкердің екеуара келісімі негізінде белгіленуі мүмкін.

“Ұйым жұмысын тиімді жүргізуге төрт күн жеткілікті болса, жұмыс берушіге осы секілді шешім қабылдауға болады. Менің ойымша, бұған кезең-кезеңімен келеміз. Қалай десек те, жекелеген салалар төрт күндік жұмыс аптасына көше бастайды”, – деді Ертаев.

“БІЗ ҮШІН ЖАҢА ТӘЖІРИБЕ”

Ол мұндай жүйеге алғашқылардың бірі болып көшетін ұйымдар басқа жұмыс берушілер мен салаларға үлгі болатынын алға тартты. Уақыт өте келе олардың тәжірибесі зерттеліп, кеңінен енгізіле бастайтын көрінеді.

“Бұл бізге әлі де жаңа тәжірибе. Дегенмен Еңбек кодексі мұндай мүмкіндікті қарастырады. Сондай-ақ қашықтан жұмыс істеу, толық емес жұмыс уақыты, икемді жұмыс кестесі мен ауысымдық жұмыс режимі де заңда көзделген”, – деді министр.

Асқарбек Ертаевтың сөзінше, қашықтан жұмыс істеу форматы қазір IT саласында қолданылып отыр.

ЖҰМЫС КЕСТЕСІ ӨЗГЕРУІНІҢ ТИІМДІЛІГІ НЕДЕ

Сонымен қатар икемді жұмыс кестесі қызметкерлерге жұмысты таңғы сағат 08:00-де емес, мысалы, 09:30-да бастап, жұмыс күнін отбасы жағдайына қарай кешірек аяқтауға мүмкіндік береді.

“Біз жұмыс берушілердің мүмкіндіктерін кеңейтіп, қызметкерлердің құқығын да қорғаймыз. Қызметкер отбасылық немесе өзге де жағдайларға байланысты жұмыс берушімен келісіп, толық емес жұмыс күніне немесе икемді жұмыс кестесіне ауыса алады”, – деді министр.

Сонымен қатар министр қазақстандықтарды төрт күндік жұмыс аптасына көшіруді міндеттеу жоспарда жоқ екенін жеткізді. Мұндай шешімдер әр ұйымның қызмет ерекшелігіне байланысты жұмыс беруші мен қызметкердің өзара келісімімен қабылданады.

Сообщение Қазақстандықтар төрт күндік жұмыс аптасына көше алады: ол үшін не істеу керек появились сначала на Tizgin kz.