ЖаңалықтарОқиға

Павлодардағы фермада қайғылы оқиға: кәріз құдығында алты адам қаза тапты

Тағы бір ер адам ауруханаға жеткізілді.

Павлодар облысының Жоламан ауылында сүт фермасының аумағындағы кәріз құдығында жұмыс жүргізу кезінде алты адам қаза тапты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Кім аман қалды

Жергілікті пабликтердің мәліметінше, қайғылы оқиға «Aqtogai Milk» ЖШС-да болған. Жұмысшылар кәріз құдығына орнатылған электр сорғысының ақауын жөндеп жатқан.

Аман қалған жалғыз адам – 1988 жылы туған ер азамат. Ол көмірқышқыл газынан уланып, ауруханаға жатқызылды.

Полиция не дейді

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді», – деп мәлімдеді Павлодар облысының полиция департаменті

Кәсіпорын кімге тиесілі

«Aqtogai Milk» ЖШС Павлодар облысындағы ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорны «Ақтоғай-Агро» компаниясына тиесілі.

Компания дәнді және майлы дақылдарды, картоп өсірумен айналысады, сондай-ақ сүт-тауар өндірісін дамытып келеді. Компанияның бас директоры әрі бенефициарлық иесі ретінде Александр Терентьев көрсетілген. Ал «Aqtogai Milk» ЖШС-не 2022 жылдан бері Инна Терентьева жетекшілік етеді.

Back to top button