ЖаңалықтарТергеу

Сәрсемәлиевтің жұбайы болған Ақбаянға қатысты тергеу тоқтатылды

Бүтін бір отбасының өлімі үшін айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевтың бұрынғы әйелі Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты сотқа дейінгі тергеу ресми түрде тоқтатылды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

ШЕШІМДІ КІМ ЖАРИЯЛАДЫ

Мұның алдында Сәрсемәлиевтің бұрынғы жұбайы Ақбаян Мұқанғалиева қылмысты жасырды деген күдікке ілінген болатын. Astana TV телеарнасының тілшісі Базаргүл Нәдірқызының мәліметінше, тергеу қорытындысында күдік расталмады.

Істі тоқтату туралы шешімді өңірдің қадағалау органы жариялады.

“Тергеу нәтижесінде Мұқанғалиеваның Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 434-бабына сәйкес кінәсі дәлелденбегендіктен, 2026 жылғы 24 маусымда Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы 1-бөлігінің 2-тармағы негізінде оның әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болмауына байланысты сотқа дейінгі тергуу тоқтатылды”, – деді облыс прокурорының көмекшісі Айсұлу Сүлеймен.

МӘН-ЖАЙЫ

Айта кетейік, мұның алдында Сұлтан Сәрсемәлиевке жаңа айыптар тағылған болатын. Судья Зарема Хамидуллина адам өлтіру эпизодтары бойынша айыптауға жаңа саралау белгілері енгізілгенін алға тартқан.

“Мақсот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқалиеваны өлтіру эпизоды бойынша айып Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 13-тармағымен – басқа қылмысты жасыру мақсатында жасалған кісі өлтіру бабымен толықтырылды”, – деді судья.

Back to top button