$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
TOP-2Жаңалықтар

Қорғаныс министрінің екі орынбасары мен әскери теңіз күштері бастығы қызметінен кетті

Мемлекет басшысының өкімімен Қорғаныс министрлігінің ірі шенеуніктері қызметінен босатылд, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды.

Алмаз Дженишевич Джумакеев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан кетті.

Қанат Серікқалиұлы Ниязбеков Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Бір апта бұрын Тоқаев қорғаныс министрін ауыстырған еді. Оған Маңғыстау облысындағы 14 сарбаздың қазасы себеп болған.

Каспийдегі трагедия

24 қыркүйек күні Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде тоғыз әскери қызметші қаза тапқаны белгілі болған еді. Кейін құрбан болғандар саны одан да көбейді. Осы оқиғадан кейін Мемлекет басшысының өкімімен 2026 жылғы 25 қыркүйек Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Аталған оқиға бойынша тергеу екі баппен жүргізіліп жатыр.

Бас прокуратура іс бойынша күдікті лауазымды адамдар анықталғанын хабарлады. 25 күні таңертең соңғы екі әскери қызметкердің денесі табылды.

Осы оқиғадан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі ахуалды кешенді тексеру жөніндегі комиссия құрды. 

Back to top button