Оқиға

Қоқыстан табылған нәресте: Жамбыл облысында әйел ұсталды

Жамбыл облысында жаңа туған нәрестені қоқысқа тастаған әйел ұсталды, деп хабарлайды  Tizgin.kz.

«Ол полиция бөліміне жеткізілді. Әйел кінәсін мойындап, жауап берді. Жан-жақты әрі толық жүргізілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесі бойынша тиісті процестік шешім қабылданады», – деп хабарлады полиция.

Сәби Қордай аудандық орталық ауруханасының босану бөліміне жеткізілді.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сәбидің жағдайы орташа ауыр деп бағаланған.

Бұған дейін Жамбыл облысында қоқыс контейнерінен жаңа туған сәби табылғанын хабарлағанбыз.

Нұрай Әкіремхан

Нұрән Әділет – Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының білім саласына маманданған тілшісі. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды “қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын ШҚО-дағы “Өскемен” газетінде корректор, артынша тілші болып бастаған. 2022 жылы “Jana Bastau” газетінде редактордың орынбасары болған. Әр жылдары Inbusiness.kz сайтында корректор, Qaz365.kz порталында тілші, Kursiv Media-ның Business News бөлімінің тілшісі болып жұмыс істеген. 2026 жылдың наурыз айынан бастап Tizgin.kz порталының арнайы тілшісі.
Back to top button