TOP-2Жаңалықтар

«Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтамыз»: Зеленский Тоқаевқа алғыс айтты

Украина президенті Владимир Зеленский ел тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай құттықтау жолдаған Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Ол Қазақстан мен Украина арасындағы достық қатынастардың өзара құрмет пен екі халықтың ежелгі байланысына негізделгенін атап өтті, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Зеленский алғыс хатын жариялады

Украина президенті алғыс хатын Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауы мен ізгі тілегін жоғары бағалайтынын жеткізді. Зеленскийдің сөзінше, Қазақстан мен Украина арасындағы қарым-қатынастың негізінде өзара сыйластық, түсіністік және екі халықты жалғап келе жатқан тарихи байланыс жатыр.

«Ынтымақтастығымызды одан әрі нығайтамыз»

Украина басшысы екі ел арасындағы ынтымақтастықты алдағы уақытта да дамытуға ниетті екенін мәлімдеді.

«Украина Қазақстанмен өзара құрметке, түсіністікке және халықтарымыз арасындағы ежелгі байланыстарға негізделген достық қарым-қатынасты жоғары бағалайды. Біз ынтымақтастығымызды одан әрі нығайтуға ниеттіміз. Сізге табыс, ал достас Қазақстан халқына бейбітшілік, бақ-береке және өркендеу тілеймін», – деп жазды Владимир Зеленский.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскийді және Украина халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтаған еді.

Back to top button