Жаңалықтар

Астанада 29 қазанға дейін жарық өшеді: мекенжайлар мен уақыт кестесі

Астанада 23–29 қазан аралығында қаланың бірнеше ауданында электр энергиясы уақытша ажыратылады. Жоспарлы жұмыстар Алматы, Байқоңыр, Нұра, Сарыарқа және Есіл аудандарын қамтиды, деп хабарлайды Tizgin.kz «Астана-РЭК» АҚ мәліметіне сілтеме жасап.

Компанияның хабарлауынша, электр қуатын уақытша ажырату электр желілеріне техникалық қызмет көрсету, ағаш бұтақтарын кесу және электр жабдықтарын жөндеу жұмыстарымен байланысты.

23 қазанда қай аудандарда жарық өшеді

Алматы ауданы

Сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабындағы Қызан көшесінің 1–20 мекенжайларында электр жарығы болмайды.

Сағат 13:00-ден 16:30-ға дейін осы тұрғын алабындағы Ер Қосай, Ер Тарғын, Арқайым, Жаңа Арқа және Ер Көкше көшелерінде электр қуаты уақытша ажыратылады.

Байқоңыр ауданы

Сағат 09:00-ден 16:00-ге дейін Брусиловский, Жұбанов, Кенесары көшелері мен Одесса тұйық көшесінде жарық өшіріледі.

Нұра ауданы

Сағат 09:00-ден 14:00-ге дейін Е-889 көшесі, 3-мекенжайында орналасқан «Aurora» тұрғын үй кешенінде электр энергиясы болмайды.

Сарыарқа ауданы

Сағат 08:30-дан 16:30-ға дейін Шынтас тұйық көшесі, Қарасай батыр көшесі және Арқарағай тұйық көшесінде электр қуаты уақытша ажыратылады.

27–28 қазанда электр қуаты қайда ажыратылады

27 қазан, Сарыарқа ауданы

Сағат 01:00-ден 02:00-ге дейін төмендегі мекенжайларда электр энергиясы болмайды:

  • Ардагерлер көшесі, 33, 33/1, 38, 38/1, 38/2 және жеке тұрғын үйлер секторы;
  • Титов көшесі;
  • Сұлыкөл көшесі;
  • Қайыңды көшесі.

27 қазан, Алматы ауданы

Сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабындағы Мұстафа Шоқай, Игишев, Марков және Бастөбе көшелерінде жарық уақытша өшіріледі.

27 қазан, Есіл ауданы

Сағат 08:30-дан 13:00-ге дейін «Полет», «Авиатор», «Тюльпан», «Черемушки», «Керамика-2», «Вишенка» және «Зеленая поляна» бау-бақша серіктестіктерінде электр энергиясы ажыратылады.

28 қазан, Алматы ауданы

Сағат 14:00-ден 16:00-ге дейін Тәуелсіздік даңғылы, 58-мекенжайында орналасқан «Азур» тұрғын үй кешенінде электр қуаты уақытша өшіріледі.

Сондай-ақ сағат 09:00-ден 16:00-ге дейін Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабындағы Өзбекәлі Жәнібек, Бұлбұл және Н. Ахметбеков көшелерінің тұрғындары жарықсыз қалуы мүмкін.

29 қазанда жарық өшірілетін мекенжайлар

Алматы ауданы

Сағат 08:30-дан 12:00-ге дейін мына мекенжайларда электр энергиясы ажыратылады:

  • Қ. Сәтбаев көшесі – 15, 11а, 13, 13а, 13/1, 11;
  • Күйші Дина көшесі – 13, 11/1;
  • Майлин көшесі – 5.

Бұдан бөлек, сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін Железнодорожный тұрғын алабындағы бірқатар көшеде электр қуаты болмайды.

Олардың қатарында:

  • Маяковский көшесі – 4–5А;
  • Жабаев көшесі – 26–64/2;
  • Ақтасты көшесі – 2/1–41;
  • Степная көшесі – 1–15А;
  • Мұсабаев көшесі – 1–24;
  • Әубәкіров көшесі – 1–13;
  • Көкжазық көшесі – 12–19;
  • Ақжар көшесі – 1–25;
  • Горький көшесі – 3.

Тұрғындарға жоспарлы жұмыстар кестесін алдын ала ескеріп, қажетті шараларды қабылдау ұсынылады.

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button