Жаңалықтар

Қар, көктайғақ және шаңды дауыл — сенбіде ауа райы қандай болады

Қазақстанның орталығында, солтүстігі мен шығысында қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін. Ал оңтүстік пен батыстың кей жерлерінде шаңды дауыл соғады. Қазгидромет 24 қазан, сенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Астанада көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын күтілмейді. Жел секундына 8-13 метр, екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Түнде ауа температурасы 2-4 градус жылы болғанымен, топырақ бетінде үсік жүруі мүмкін. Күндіз 13-15 градус жылы болады.

Ақтауда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Желдің жылдамдығы — секундына 9-14 метр. Түнде 8-10, күндіз 17-19 градус жылы болады.

Ақтөбеде ашық ауа райы күтіледі. Жел секундына 3-8 метр жылдамдықпен соғады. Түнде 2-4 градус аяз, күндіз 10-12 градус жылы болады. Атырауда жауын-шашынсыз, жел секундына 9-14 метрге дейін күшейеді. Түнде 5-7, күндіз 14-16 градус жылы болады.

Жезқазғанда көшпелі бұлтты ауа райы болжанады. Жел секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Түнде 3-5 градус аяз, күндіз 3-5 градус жылы болады. Қарағандыда түнде 6-8 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы болады. Жел секундына 4-9 метрге дейін жетеді.

Көкшетауда жауын-шашынсыз. Жел секундына 7-12 метр жылдамдықпен соғады. Түнде 4-6 градус аяз, күндіз 4-6 градус жылы болады. Қонаевта желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Түнде 2-4 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы болады.

Қостанайда жел секундына 5-10 метр жылдамдықпен соғады. Түнде 4-6 градус аяз, күндіз 8-10 градус жылы болады.

Қызылордада желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Түнде 0-2, күндіз 10-12 градус жылы болады.

Павлодарда жел секундына 9-14 метрге дейін күшейеді. Түнде 4-6 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылы болады. Петропавлда желдің екпіні 15-20 метрге жетуі мүмкін. Түнде 4-6 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы болады.

Семейде көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Жел секундына 5-10 метр жылдамдықпен соғады. Түнде 3-5, күндіз 1-3 градус аяз болады.

Талдықорғанда жел секундына 5-10 метрге дейін күшейеді. Түнде 3-5 градус аяз, күндіз 3-5 градус жылы болады.

Таразда жел секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғып, екпіні 15-20 метрге, кей уақытта 23 метрге дейін жетеді. Түнде 2-4 градус жылы болғанымен, топырақ бетінде үсік жүруі мүмкін. Күндіз 8-10 градус жылы болады.

Түркістанда желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр, екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Түнде 0-2 градус жылы болады, топырақ бетінде үсік жүруі ықтимал. Күндіз ауа температурасы 13-15 градусқа дейін көтеріледі.

Оралда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Жел секундына 7-12 метр жылдамдықпен соғады. Түнде 1-3 градус аяз, күндіз 11-13 градус жылы болады.

Өскеменде желдің жылдамдығы секундына 5-10 метрге жетеді. Түнде 4-6, күндіз 1-3 градус аяз болжанып отыр.

Back to top button