Қазақстан режиссері кореялық топқа клип түсірді
Қазақстандық режиссер Айсұлтан Сейітов Оңтүстік Кореяның LNGSHOT тобының Bananas әніне бейнебаян түсірді. Әннің клипі LNGSHOT тобының YouTube арнасында шықты, деп хабарлайды Tizgin.kz.
LNGSHOT – 2026 жылдың қаңтарында құрылған K-pop топ. LNGSHOT танымал рэпер әрі продюсер Jay Park негізін қалаған More Vision музыкалық лейблі арқылы өнер жолын бастаған.
K-pop топ бір жылда халықаралық аудиторияның назарын аударып үлгерді. Бүгінде олардың Instagram парақшасында төрт миллионға жуық оқырман бар.
Бейнебаян бір сағатта 100 мыңнан астам қаралым, 50 мың лайк жинаған. Желі қолданушылары режиссердің жаңа жұмысын қызу талқылап жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Айсұлтан Сейітов америкалық рэпер A$AP Rocky-дің Shroom Clouds әніне клип түсірді. Дегенмен артынша бейнебаянға ЖИ-мен жасалған видео қосқаны үшін дауға қалды.