Спорт

Қазақстан өкілі әлемдік бокстың басшылық құрамына енді

Қазақстан бокс федерациясының халықаралық байланыстар жөніндегі вице-президенті Рауан Игенев World Boxing халықаралық федерациясының Спорт және жарыстар комитетінің төрағасы болып сайланды. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Рауан Игенев жаңа қызметке сайланды

Панамада World Boxing халықаралық федерациясының конгресі өтіп, ұйымның басшылық қызметтеріне сайлау ұйымдастырылды. Дауыс беру қорытындысы бойынша Қазақстан өкілі Рауан Игенев Спорт және жарыстар комитетінің төрағасы қызметіне сайланды.

«Панамада World Boxing халықаралық федерациясының конгресі өтіп, басшылық қызметтерге сайлау ұйымдастырылды. Дауыс беру нәтижесінде Қазақстан бокс федерациясының халықаралық байланыстар жөніндегі вице-президенті Рауан Игенев World Boxing ұйымының Спорт және жарыстар комитетінің төрағасы болып сайланды», – делінген Ұлттық олимпиада комитетінің хабарламасында.

Жаңа қызметтің міндеттері қандай

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, Рауан Игенев басқаратын комитет халықаралық бокс жарыстарын ұйымдастыру және жарыстар жүйесін жетілдіру мәселелерімен айналысады. Сондай-ақ оның құзыретіне бокстың техникалық ережелерін әзірлеу және қайта қарау, спортшылардың экипировкасына қойылатын талаптарды белгілеу, салмақ дәрежелерін айқындау және жарыстарды өткізу тәртібін реттеу кіреді.

Осылайша, қазақстандық маман халықаралық бокс жарыстарының ережелері мен ұйымдастырылуына қатысты маңызды шешімдерді әзірлеуге қатысатын комитетке жетекшілік етеді.

Back to top button