Жаңалықтар

“Қайрат” клубы Канье Уэсттің концерті үшін стадионды босатып беретін болды

Футбол клубы ресми мәлімдеме жасады

«Қайрат» футбол клубы 14 тамыз күні Канье Уэсттің концерті өтетіндіктен Алматы қаласының Орталық стадионды босатып беретін болды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

“Қайрат” матчын қайда өткізеді

Футбол клубының ресми мәлімдемесінде осыған байланысты «Қайрат» ФК-ның негізгі стадионы 14 тамызда бос болмайтынын ескертеді.

“Қалыптасқан жағдай мен еурокубок күнтізбесінің тығыздығын ескере отырып, клуб УЕФА-ға үшінші іріктеу кезеңіндегі ықтимал өз алаңындағы матчтың өтетін орнын ауыстыру туралы өтініш жолдады. Өтініш қаралғаннан кейін кездесуді Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» стадионында өткізуге келісім берілді. Матчтың нақты күні мен басталу уақыты, сондай-ақ билет сатылымының басталуы туралы ақпарат команданың еурокубоктағы алдағы кезеңі анықталғаннан кейін қосымша жарияланады”, – делінген хабарламада.

Әңгіме неден басталды

Бұған дейін ашық ақпарат көздерінде 14 тамыз күні Алматыдағы Орталық стадионда Канье Уэсттің концерті өтетіні туралы ақпарат тараған болатын. Осыған қатысты «Қайрат» ФК шараның жоспарланған күні клубпен келісілмегенін ресми түрде мәлімдеді. «Қайраттың» мәлімдемесінен соң Канье Уэст концертіне билет сатылымы кейінге қалды.

Back to top button