$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Жаңалықтар

«Мен үшін өте ауыр жала болды»: сотталған Жақсыгеннің экс-әйелі елге алғысын айтты

Сот шешімімен өзін жала жабу және көпшілік алдында қорлау бойынша қорғаған екі баланың анасы, актер Жақсыген Нұрсұлтанның бұрынғы әйелі сот үкімі шыққаннан кейін оған қолдау көрсеткен қазақстандықтарға алғысын білдірді. Ол бұл істің өзіне ғана емес, қазақ қыздарының намысы үшін де маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Бұл – менің ғана емес, барша қазақ қызының жеңісі»

Фариза Сабыралиева өзін қолдаған қазақ халқына алғыс айтты.

«Қазақтың қаршадай қызына, 2 баланың анасына жазықсыз жала жауып, бүкіл халықтың алдында қорлаған кезде, сіздер Халық болып, үлкен қолдау көрсеттіңіздер. Мен үшін өте ауыр жала болды, себебі мен ата-анамның тәрбиесін көрген, әкемнің махаббатымен өскен, түзу жолда, жұмысымды жасап, аяққа тұрып балаларымды асырап жүрген Қазақтың қарапайым қызымын. Алланың 99есімінің бірі – Халық. Халықтың өзі ақ қарасын ажыратып, әділдікті талап етті. Алла әділ, бірінші Алла, екінші сіздердің арқаларыңызда, сот әділ шешім шығарып, менің намысымды қорғады. Бұл менің ғана емес, барша қазақ қызының жеңісі деп білемін. Мені қолдаған, уайымдаған, дұға еткен барша қазағыма алғысымды білдіремін», – деп жазды ол әлеуметтік желіде.

2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды

Еске салсақ, сот Жақсыген Нұрсұлтанды кінәлі деп танып, оған 2 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жаза қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтелетін болады. Сонымен қатар, сот үкімімен оған 5 жыл мерзімге бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде сөз сөйлеуге тыйым салынды.

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button