$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Жаңалықтар

Әйелімен соттасқан актер Нұрсұлтан Жақсыген сотталып кетті

Алматы облысының Қарасай аудандық сотында судья Шолпанқұлованың төрағалық етуімен Жақсыген Нұрсұлтанға қатысты сот үкімі жарияланды. Бұл туралы Фариза Сабыралиеваның адвокаты мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Әлеуметтік желілерде сөз сөйлеуге тыйым салынды

Сот Жақсыген Нұрсұлтанды кінәлі деп танып, оған 2 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жаза қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтелетін болады.

Сонымен қатар, сот үкімімен оған 5 жыл мерзімге бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде сөз сөйлеуге тыйым салынды.

5 миллион теңге өндірілді

Сабырәлиева Фаризаның азаматтық талабы ішінара қанағаттандырылып, оның пайдасына 5 000 000 теңге өндірілді. Сот үкімі жарияланғаннан кейін Жақсыген Нұрсұлтан тікелей сот залында қамауға алынды.

Еске салсақ, Нұрсұлтан Жақсыген бұрынғы жұбайы Фариза Сабыралиевамен соттасқанын жаздық. Сабыралиева видео жариялап, біраз уақыт бойы өзі туралы шындыққа жанаспайтын және абыройына нұқсан келтіретін ақпарат таратылғанын айтты.

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button