Без рубрики

Бибісара Асаубаева әлем рейтиңінде үздік бестікке енді

Қазақстандық шахматшы Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) шілде айында жариялаған жаңартылған әлемдік рейтиңіде бесінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

ҚАНША ҰПАЙЫ БАР

22 жастағы қазақстандық гроссмейстер 2538 рейтиңтік ұпай жинаған. Ол бұған дейнігі көрсеткішпен салыстырғанда екі саты жоғарылады. Сөйтіп, Асаубаева спорттық мансабында алғаш рет әлемдегі үздік бес шахматшы қатарына енді.

КӨШ БАСТАҒАН КІМ

Ал көш басында Қытай мықтысы Хоу Ифань тұр. Үздік бестікке бұдан бөлек, Чжу Цзиньэр, Лэй Тинцзе және қазіргі әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюнь секілді қытайлық шахматшылар енген.

Шахматшы соңғы уақытта өзі қатысқан халықаралық жарыстарда тұрақты жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Маусым айында ол Norway Chess Women 2026 турнирінің жеңімпазы атанып, соның нәтижесінде FIDE-нің 2026-2027 жылдардағы әйелдер циклінің жалпы есебінде көш бастады.

Айта кетейік, Бибісара Асаубаева жуықта II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталған болатын.

Back to top button