Спорт

Шахматшы Бибісара Асаубаева II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шахматшыны блицтен әлем чемпионатындағы жеңісі мен жоғары спорттық жетістіктері үшін II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Бибісара Асаубаева алған марапатын көрсетіп, бұған дейін III дәрежелі «Барыс» орденінің иегері болғанын, енді II дәрежесін алғанын айтты. Алдағы уақытта I дәрежелі орденнің иегері атануға мүмкіндігі бар екенін жеткізді.

Бұған дейін шахматшы Президентке бейнеүндеу жасап, спортшыларды қолдау мәселесі мен жалақысының қысқарғанына шағымданған болатын. Кейін Туризм және спорт министрлігі төлемдердің үш есеге қысқарғанын растады және оның себептерін түсіндірді.

Министрліктің мәлімдемесіне жауап ретінде Асаубаева сын айтылған жазба жариялады. Ал вице-министр кейбір спортшылардың «тым еркелеп кеткенін» мәлімдеді.

Back to top button