ЖаңалықтарТергеу

Алматыда ҚТЖ вагон депосының басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды

Қазіргі уақытта ол қамауға алынды.

Оны осы жылдың 9 сәуіріндегі іс бойынша ұстаған. Қылмыс 2024–2025 жылдар аралығында жасалған деп тергеліп жатыр, деп хабарлайды Tizgin.kz.

ҚТЖ баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта ол қамауға алынған.

«Сонымен қатар, Алматы вагон пайдалану депосында құқықбұзушылықтың жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында компанияның комплаенс-қызметі басқаратын комиссиясы ішкі тексеру жүргізуде», – деп хабарлады ҚТЖ.

БАҚ мәліметінше, ҰҚК Қайсар Аманбаевты ұстаған. Оған 110 млн теңге көлемінде пара алды деген күдік тағылып отыр. Ал eGov деректеріне сәйкес, депо басшысы ретінде міндетін атқарушы Бауыржан Мусагитов көрсетілген.

Back to top button