TOP-1Экономика

Әлемде Brent маркалы мұнай бағасы 107 доллардан асты

Әлемде мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет барреліне 100 доллардан асты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Бұл өсім АҚШ пен Израильдің Иранмен қақтығысы күшейіп, Ормуз бұғазы жабылуы мүмкін деген қауіптен кейін туындап отыр. Дүйсенбі таңында Азиядағы саудада:

  • Brent мұнайы 15,5%-ға қымбаттап, 107,16 доллар болды
  • Nymex Light Sweet 17%-дан астам өсіп, 106,77 долларға жетті.

Сарапшылар осы аптада баға 100 долларға жетуі мүмкін деп болжаған еді. Бірақ нарықтағы өсім күтпеген жылдамдықпен өтті. Баға 1 минуттың ішінде 10%-ға, ал тағы 15 минуттан кейін тағы 10%-ға көтерілді.

Мұнай нарығындағы мұндай күрт өсім Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуымен байланысты болып отыр.

Back to top button