Оқиға

42 жастағы әйел өзін өртеп, ауыр күйікпен ауруханаға түсті

Дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр

Солтүстік Қазақстан облысында өзін өртеп жібермек болған 42 жастағы әйел ауруханаға түсті, деп хабарлайды, Tizgin.kz порталы Kazinform-ға сілтемемен.

Оқиға 30 сәуірге қараған түні Аққайың ауданына қарасты Астраханка ауылында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 1984 жылы туған әйел үстіне бензин құйып, өзін өртемек болған.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен әйелдің денесінің 80–90 пайызы күйіп қалған. Жағдайы аса ауыр, бірақ есін біледі.

«Аққайың аудандық ауруханасынан санавиациямен Петропавл қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Әкелгеніне көп болған жоқ, қазір дәрігерлер тексеріп жатыр», – дейді баспасөз хатшысы Гүлнар Қалиева.

Алдымен ол аудандық ауруханаға жеткізіліп, кейін санавиация арқылы Петропавл қаласындағы көпбейінді ауруханаға ауыстырылған.

Құзырлы органдардың хабарлауынша, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша тіркелді.

Back to top button