Жаңалықтар
Зайсан мен Катонқарағайдағы әуежай қашан ашылады
Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Шығыс Қазақстандағы екі әуежай биыл ашылатынын айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Қазақстан Үкіметінің баспасөз орталығында өткен жиында министр журналистердің әуежайларға қатысты қойған сауалдарына жауап берген болатын. Айтуынша, Шығыс Қазақстан облысына қарасты аудандарда осы жазда, Кендірлідегі жыл бітпей ашылатын көрінеді. Нақтысында, Зайсан ауданындағы әуежай 1-шілдеде қолданысқа беріледі.