Түркияның белгілі актрисасы есірткі саудасына қатысы бар деген күдікпен ұсталды
Түркияның Ыстанбұл қаласында есірткі мен жезөкшелікке қатысты қылмыстар бойынша тергеу жүріп жатыр. Осы іске байланысты 23 адам қолға түскен. Олардың арасында танымал актер Дениз Чакыр да бар, деп хабарлайды Tizgin.kz Anadolu басылымына сілтеме жасап.
Қолға түскендер есімі белгілі
Түркия прокуратурасы ақпаратынша, тергеу есірткі саудасы, есірткі тарату, оны жеткізу, қолдану және сақтау, одан бөлек, жезөкшелікке қатысты қылмыстар бойынша жалғасып жатыр.
Қолға түскен 23 адам қатарында Дениз Сөзен, Дениз Чакыр Байкал, Мехмет Джан Каржы, Мұрат Джейлан, Пынар Бент, Джейлан Кая, Ышыл Ышык Демир, Джем Гүлер, Ибрахим Иззет Өзилхан, Бурхан Каража, Эрдал Бозкуш, Ибрахим Йылмаз, Өзжан Дениз, Сагар Шожаеи, Илкнур Шахин, Бурджу Өзберк, Мелтем Өзкаядан, Мұрат Башоғлу, Сехер Гротхе Севдишан, Уфук Гүндогду, Онур Юксель, Муаммер Капуджиоғлу және Джансу Ташкын бар.
Шоу-бизнес өкілдері де қолға түсті
Прокуратура мәліметінше, куәгерлердің айғақтары, тәркіленген телефондар мен цифрлық құрылғыларға жүргізілген сараптама нәтижелері, сонымен қатар құпия куәгерлердің мәліметтері тергеуге негіз болған.
Түркия полициясы есірткі мен жезөкшелікке қатысты іс бойынша кезекті операция барысында шоу-бизнес өкілдерін ұстады. Олардың арасында «Ғаламат ғасыр» телехикаясында Шах-сұлтанның рөлін сомдаған актриса Дениз Чакыр да бар. Одан өзге, әнші әрі актер Өзджан Дениз, промоутер Эрдал Бозкуш және режиссер Джем Карджы да ұсталған. Жалпы, Ыстанбұл прокуратурасы барлығы 35 адамды ұстауға ордер берген.