Без рубрики

Алматыда биіктігі 10 метрлік қойма өртенді

Алматы қаласында Стасов көшесіндегі қоймада шыққан өрт оқшауланды. Жалынның көрші ғимараттарға таралу қаупі болған, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Қойманың 10 метрлік биіктігі өрт сөндіру жұмыстарын қиындатқан.

«Ғимараттың конструкциялық ерекшеліктеріне байланысты өртті сөндіру жұмыстары қиындады. Атап айтқанда, нысанның қаңқасы металлдан жасалған, ал қабырғалары сэндвич-панельдермен қапталған», – делінген ТЖМ хабарламасында.

Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмысын жалғастырып жатыр.

Айта кетейік, таяуда Түркістан облысында банкет залының шатыры өртенді.

Нұрай Әкіремхан

Нұрән Әділет – Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының білім саласына маманданған тілшісі. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды “қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын ШҚО-дағы “Өскемен” газетінде корректор, артынша тілші болып бастаған. 2022 жылы “Jana Bastau” газетінде редактордың орынбасары болған. Әр жылдары Inbusiness.kz сайтында корректор, Qaz365.kz порталында тілші, Kursiv Media-ның Business News бөлімінің тілшісі болып жұмыс істеген. 2026 жылдың наурыз айынан бастап Tizgin.kz порталының арнайы тілшісі.
Back to top button