Жаңалықтар

ЖАП төрағасы Әлихан Смайылов жаңа қызметке тағайындалды

Жоғары аудиторлық палата «Халықтық құрылыс» бағдарламасының іске асырылуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмыс органы болып белгіленіп, осы комиссиясның төрағасы болып Әлихан Смайылов тағайындалды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықтық құрылыс» инфрақұрылымды жаңғырту бағдарламасын іске асыруға бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы жарлыққа бүгін қол қойған. Комиссия жобаларды іске асырудың барлық кезеңін – жоспарлау мен қаражат бөлуден бастап объектілерді пайдалануға беруге дейін бақылайтын болады. Жобалардың іске асырылу мерзімдері мен құнына, мемлекеттік сатып алудың заңдылығына және бюджеттік тәуекелдерді барынша азайтуға ерекше назар аударылады.

Комиссия құрамына кімдер енді

Мемлекеттік комиссия құрамына уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары, Құрылтай депутаттары, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, журналистер, қоғам қайраткерлері мен сарапшылар кірді. Сондай-ақ комиссия жұмысына өңірлер мен бизнес-қоғамдастық өкілдері де қатысады. Құрам бекітілген тізім Ақорданың ресми сайтында бар.

Back to top button