TOP-1Тергеу

«Самұрық-Қазына» ісінің ізімен «Қазатомөнеркәсіп» шенеуніктері де ұсталды

ҰҰК «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ басқарма мүшесі Қ. Омарбеков пен өзге де адамдарды ұсталғанын хабарлады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Бірнеше адам ұсталды

Ведомство мәліметінше, 2026 жылғы 23 қарашада ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма мүшесі Қ. Омарбековті және басқа да адамдарды ұстаған.

Олар уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу нұсқасы бойынша, күдіктілер «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының бұрынғы басшылығы ұйымдастырған сыбайлас жемқорлық схемасына қатысы бар болуы мүмкін.

Қандай бап бойынша тергеу жүріп жатыр

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 367-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

ҰҚК Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу барысы туралы өзге ақпарат жария етілмейтінін мәлімдеді. Ведомство хабарлауынша, Мемлекет басшысы тапсырмаларын орындау және «Заң мен тәртіп» қағидатын сақтау аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары жалғасып жатыр.

Нұрлан Жақыповтың ұсталуы

Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың ұсталғанын 2026 жылдың 12 қарашасында растаған еді. Сол күні Астанадағы «Атлант» тұрғын үй кешені маңынан АҚШ долларына ұқсас купюралар салынған шабадандар табылғаны туралы хабар тараған еді. Доллар шашылған видео бүкіл желіге тарап, үлкен резонанс туызған.

Нұрлан Жақыпов ұсталғаннан кейін «Самұрық-Қазына» қоры мәлімдеме жасап, құқық қорғау органдарына жан-жақты қолдау көрсетіп, тергеуге қажетті ақпарат пен құжаттарды ұсынатынын мәлімдеген. Ізінше, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы басшыларының ұсталуына қатысты пікір білдірді. Президент бұл жағдайды мемлекеттік компаниялардағы сыбайлас жемқорлық мәселесінің күрделілігін көрсететін оқиға деп бағалады.

Back to top button