Қайтарылған активтер: Шардарада 32 мыңға тарта адам ауызсумен қамтылды

Түркістан облысында Арнайы мемлекеттік қор есебінен 30 әлеуметтік нысанның құрылысына 26,4 млрд теңге бөлінген, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Екі жоба жыл бітпей аяқталады
Бүгінде 28 жоба іске қосылып, 2 жобаны жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Өңірдегі елдімекендерді сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге бағытталған ең ірі жоба – Шардара топтық су құбырының құрылысы.
«Бұл нысанның 1-кезеңіндегі құрылысына 16,5 млрд теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 11,5 млрд, Арнайы қордан 5 млрд теңге бөлінген. Аталған қаражатқа Тама учаскесінен су құбыры жүргізіліп, су сорғу станциялары, су тазарту қондырғылары орнатылды», – делінген Бас прокуратура мәліметінде.
Тұрғындар ауызсуды қайдан алды
Нәтижесінде Шардара қаласының 32 мыңға жуық тұрғыны сапалы ауызсуға қол жеткізді.
Тағы бір айта кетерлігі, соңғы 60 жыл бойы қала тұрғындарына ауызсу Шардара су қоймасының ашық көзінен берілген.