ЖаңалықтарОқиға

Түркістан облысында екі ағайынды жігіт суға кетті

Кішісі батып бара жатқан кезде ағасы оны құтқару үшін суға сүңгіген.

Түркістан облысының Сауран ауданында Сырдария өзеніне батып кеткен екінші азаматтың денесі табылды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Тыйым салынған жерде суға түскен

Оқиға 22 тамыз күні Түркістан облысы, Сауран ауданы, Үшқайық ауылдық округі аумағындағы Сырдария өзенінде болған.

1998 және 2002 жылы туған ағайындылар тыйым салынған жерде суға түскен. Кішісі батып бара жатқан кезде ағасы оны құтқару үшін суға сүңгіген.

1,5 және 2,5 жастағы балалары қалды

Күні кеше 2002 жылы туған азаматтың денесі табылды. Соңында 1,5 жасар баласы қалды. Ол жақында ғана Назарбаев Зияткерлік мектебіне жұмысқа орналасқан екен.

Ал бүгін 1998 жылы туған екінші азаматтың денесі судан шығарылды. Оның соңында 2,5 жастағы баласы мен жүкті әйелі қалды. Жігіт Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасында жұмыс істеген.

Back to top button