Жаңалықтар

Түлкібастағы жол апатынан бес қыз ажал құшты

Түркістан облысында болған жантүршігерлік жол-көлік оқиғасынан бір отбасының бес қызы көз жұмды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

РӨЛГЕ ИЕ БОЛА АЛМАҒАН

Түрлі жарақат алған тағы бір бала ауруханаға жеткізілді.

Қайғылы оқиға Түлкібас ауданында тіркелген. Алдын ала мәліметке сәйкес аудан аумағындағы тасжолда Volkswagen Polo көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегіндегі ағашқа соғылды.

ІС ҚОЗҒАЛДЫ

Аталған жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.

«Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу қорытындысында тиісті процестік шешім қабылданады», – деді Түркістан облысы полиция департаменті өкілдері.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жылдамдық режимін бұзбауға шақырады.

Back to top button