Трамп мәлімдемесінен кейін Brent мұнайы қымбаттады
АҚШ президенті Дональд Трамптың Иран мен Йемендегі хуситтерге қарсы ықтимал әскери іс-қимылдар жөніндегі мәлімдемелерінен соң мұнай бағасы өскен, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Хуситтер шабуылының әсері
Brent маркалы мұнайдың бағасы 6,6% көтеріліп, баррелі 89,70 долларға жетті. Ал америкалық WTI маркалы мұнайдың құны 7%-дан астам қымбаттап, баррелі 84,48 доллар болды.
Мұнайдың күрт қымбаттауына сәйкес әлемдік жеткізілім аясында алаң пайда болды. Оның ішінде, хуситтер шабуылдарына байланысты Қызыл теңіздегі жағдайдың шиеленісуі мен Ормуз бұғазы аумағындағы геосаяси тәуекелдердің күшеюі әлемдік нарықта мұнай тапшылығына әкелуі мүмкін деген секем туғызды.
Несие бағасындағы өзгеріс салдары
Одан бөлек, АҚШ Федералдық резерв жүйесінің пайыздық мөлшерлемеге қатысты алдағы шешімі де нарықтағы белгісізідікті күшейтіп отыр. Неге десеңіздер, несие бағасының өзгеруі жаһандық экономиканың өсу қарқынына әсер етеді. Бұл мұнай мен басқа да энергия ресурстарына деген әлемдік сұранысқа сөзсіз ықпал жасайды.