Жаңалықтар

TikTok-та балағат сөз айтқан қыз 10 тәулікке қамалды

Абай облысында TikTok-та тікелей эфирде балағат сөз айтып, ерсі мінез-құлық көрсеткен 26 жастағы қыз қамауға алынды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Желіге мониторинг жүргізілген

Бұған дейін Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілердегі құқыққа қайшы контентті анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі жұмыстардың басталғанын хабарлаған болатын.

«Интернет – заңсыздыққа жол беретін кеңістік емес. Әрбір құқық бұзушы анықталып, заң аясында жауапкершілікке тартылады. Бұл жұмыс жалғасып жатыр», – делінген ақпаратта.

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Абай облысының полиция қызметкерлері TikTok желісінде құқыққа қайшы тікелей эфирді анықтады. Онда бойжеткен балағат сөздер айтып, әдепсіздік көрсетті және есірткі қолданатынын мәлімдеген.

Қандай жаза тағайындалды

Тәртіп сақшылары оның жеке басын тез анықтады. Түркістан облысының тумасы екен. 26 жастағы Азиза Қоқанова Семейде уақытша тұрып жатқан.

Медициналық куәландыру қорытындысында, ол алкогольдік масаң күйде болған. Сот шешімімен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін оған 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

Back to top button