TOP-2Жаңалықтар

Тарихтағы ең бай адам триллионер мәртебесінен айырылды

Америкалық кәсіпкер Илон Маск әлемдегі алғашқы триллионер мәртебесінен айырылды. Оның байлығы небәрі 12 күн ішінде шамамен екі есеге қысқарып, 1,45 триллион доллардан 725 миллиард долларға дейін төмендеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Илон Маск не деді

Илон Маск X әлеуметтік желісіндегі парақшасында өзінің енді триллионер емес екенін әзілмен растады.

«Бұрынғы триллионер», – деп жазды кәсіпкер.

Байлығы қаншаға дейін азайды

Forbes журналының бағалауынша, қазіргі таңда Илон Масктың дәулеті 725 миллиард долларды құрайды. Ал Bloomberg Billionaires Index оның байлығын 719 миллиард доллар деп бағалап отыр. Бұл көрсеткіш SpaceX компаниясы IPO-ға шыққаннан кейін тіркелген ең жоғары деңгеймен салыстырғанда шамамен екі есе төмен. Сол кезде Масктың байлығы 1,45 триллион долларға жеткен болатын.

Маск капиталының азаюына ең алдымен SpaceX акцияларының арзандауы себеп болды. IPO-дан кейін компания акциялары айтарлықтай төмендеп, 13 шілдеге қарай тарихи ең жоғары бағасынан шамамен 40 пайызға арзандады. Нәтижесінде олардың құны бастапқы орналастыру бағасына жақындай түсті.

Tesla да миллиардтаған доллар жоғалтты

Кәсіпкердің қаржылық жағдайына тағы бір соққыны Tesla компаниясының акциялары тигізді. Шілде айының соңында компанияның нарықтық капитализациясы бір күннің ішінде 214,5 миллиард долларға қысқарды. Бұл – Tesla тарихындағы ең ірі бір күндік құлдырау. Инвесторлар компанияның тоқсандық қаржылық есебіне көңілі толмаған. Есепке сәйкес, бір акцияға шаққандағы түзетілген пайда 0,31 долларды құрады. Ал Уолл-стрит сарапшылары бұл көрсеткіш 0,51 доллар болады деп болжаған еді.

Сонымен қатар Tesla түзетілген таза пайдасының да төмендегенін мәлімдеді.

Back to top button