Архивы Олжас Бектенов - Tizgin kz

«Самұрық-Қазына» қорына жаңа басшы тағайындалады: Бектенов мәлімдеме жасады
Қазақстанда жақын арада «Самұрық-Қазына» қоры басқармасының жаңа төрағасы тағайындалады. Бұл туралы 18 қарашада Премьер-министр Олжас Бектенов қор басшылығына қатысты жағдайға байланысты мәлімдеді. Оның айтуынша, жекелеген лауазымды тұлғаларға қатысты тергеу жалғасып жатыр және бұл мәселе Президенттің бақылауында, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Қордың жаңа басшысы жақын арада тағайындалады

Премьер-министр Олжас Бектенов құқық қорғау органдары қордың жекелеген лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу шараларын жалғастырып жатқанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Үкімет басшысының айтуынша, құзырлы органдар заңнама талаптарын қатаң сақтай отырып, істің жан-жақты әрі объективті тергелуін қамтамасыз етуге тиіс.

Бектенов болып жатқан жағдай «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының жалпы қызметіне күмән келтірмеуі керектігін атап өтті.

«Жақын арада «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының жаңа төрағасы тағайындалады. Бұл ретте басқарудағы сабақтастық пен қор қызметінің үздіксіздігі толық қамтамасыз етіледі», – деп жазылған Премьер-министрдің мәлімдемесінде.

Үкімет басшысы қор құрамындағы барлық компанияның қалыпты жұмыс режимінде қызметін жалғастырып жатқанын жеткізді. Қордың даму стратегиясы өзгеріссіз қалады, ал инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар бекітілген жоспарларға сәйкес жүзеге асырылады. Сонымен қатар инвесторлар, кредиторлар, банктер және халықаралық қаржы институттары алдындағы барлық қаржылық, шарттық және борыштық міндеттемелер уақытылы әрі толық көлемде орындалуға тиіс.

«Самұрық-Қазына» қорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бақылау күшейтіледі

Тергеу аясында Үкімет корпоративтік басқару жүйесін нығайту және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу үшін қосымша шаралар қабылдауды жоспарлап отыр. Олжас Бектеновтің айтуынша, қор мен оның еншілес ұйымдарының директорлар кеңестерінің, сондай-ақ аудит пен тәуекелдерді басқаруға жауапты бейінді комитеттердің рөлін күшейту қажет.

Ішкі бақылау, комплаенс және ішкі аудит тетіктерін жетілдіруге ерекше назар аударылады. Басқарушылық шешімдердің ашықтығын арттыру, басшылардың жеке жауапкершілігін күшейту және ықтимал мүдделер қақтығысын дер кезінде анықтау көзделіп отыр. Премьер-министр негізгі міндет тек нақты заңбұзушылықтарға жауап қайтару ғана емес, олардың қайталануына жол бермейтін тиімді жүйе қалыптастыру екенін атап өтті. Үкімет халықаралық инвесторлармен және қаржы ұйымдарымен ұзақмерзімді ынтымақтастықты сақтауға ниетті екенін де растады.

«Самұрық-Қазына» басшыларының ұсталуына қатысты не белгілі

Еске салайық, 11 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің өкілдері «Самұрық-Қазына» қоры басқармасының төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшысы Елжас Отыншиевті ұстаған болатын. Олар сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс жасады деген күдікке ілінген. Тергеу мүддесіне байланысты қылмыстық істің егжей-тегжейі жарияланбай отыр.

18 қарашада аталған басшыларға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілгені белгілі болды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр. Бұған дейін, 13 қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің жедел отырысында аталған тұлғалардың ұсталуын мемлекеттік компаниялардағы сыбайлас жемқорлық мәселелерінің бар екенін көрсететін елеулі белгі деп бағалаған.

Мемлекет басшысы Үкімет пен бақылаушы органдарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бағытталған нақты шаралар әзірлеуді тапсырған болатын. Тергеу жұмыстары мен қор басшылығының алдағы уақытта ауысуына қарамастан, Үкімет «Самұрық-Қазына» қоры қолданыстағы барлық міндеттемелерін орындауды және жоспарланған жобаларды жүзеге асыруды жалғастыратынын мәлімдеді.

Сообщение «Самұрық-Қазына» қорына жаңа басшы тағайындалады: Бектенов мәлімдеме жасады появились сначала на Tizgin kz.

«Мемлекет мүддесіне қайшы әрекет»: Бектенов министрлер мен әкімдерге ескерту жасады
Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанда өндірілетін тауарларды шетелден сатып алуды мемлекет мүддесіне қайшы әрекет деп атады. Үкімет басшысы бюджет қаражаты ең алдымен отандық кәсіпорындарды қолдауға жұмсалуы тиіс екенін айтып, министрлер мен әкімдерге қатаң ескерту жасады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Бектеновтің айтуынша, мемлекеттік сатып алу жүйесінде қазақстандық өндірушілерге басымдық берілуі керек. Осыған байланысты ол Қаржы министрлігі мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына жыл соңына дейін сатып алу рәсімдеріндегі кедергілерді жойып, отандық кәсіпорындармен жасалатын келісімшарттардың көлемін ұлғайтуды тапсырды.

Сонымен қатар Өнеркәсіп министрлігіне қазақстандық өндірушілердің тізілімін жетілдіру міндеті жүктелді. Атап айтқанда, кәсіпорындардың нақты өндірісі бар-жоғын онлайн режимде тексеру үшін тізілімді мемлекеттік органдардың дерекқорларымен ықпалдастыру қажет. Бұл жұмыс кәсіпорындардың ұсыныстары ескеріле отырып, қысқа мерзімде жүргізілуі тиіс.

Үкімет басшысы «Халықтық құрылыс» бағдарламасының кең көлемде іске асырыла бастағанын да атап өтті. Осыған байланысты Өнеркәсіп министрлігіне әкімдіктермен, «Бәйтерек» холдингімен және «Атамекен» палатасымен бірлесіп, бағдарламаға отандық өндірушілердің қатысуын қамтамасыз ету тапсырылды.

«Біз бюджеттен қаражат бөлсек, оны игеретін компания қазақстандық болуы керек. Ол ақшаға сатып алынатын материалдар, тауарлар қазақстандық болуы керек. Болды. Оп-оңай қағидат. Оны бәріміз ұстануымыз керек», – деді Бектенов.

Премьер-министр Қазақстанда өндірілетін тауарлардың орнына импорттық өнім сатып алу тәжірибесін де сынға алды. Оның сөзінше, ел ішінде қажетті өнім шығарылып жатқанда, бюджет қаражатын шетелдік тауарларға жұмсау ұлттық экономиканың мүддесіне қайшы келеді.

«Егер Қазақстанда қандай да бір тауар өндірілетін болса, біз оны сатып алмай, импорттап әкелетін болсақ, ол мемлекет мүддесіне қайшы келетін әрекет. Оны үзілді-кесілді айту керек. Мұны Үкімет мүшелері, өңір басшыларына айтарым. Ескеріңіздер», – деді Үкімет басшысы.

Еске салсақ, бұған дейін Олжас Бектенов энергетика саласындағы ірі жобалардың мерзімін қатаң бақылауға алуды тапсырды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Tizgin.kz (@tizginkz)

Сообщение «Мемлекет мүддесіне қайшы әрекет»: Бектенов министрлер мен әкімдерге ескерту жасады появились сначала на Tizgin kz.

Қазақстанда жалдамалы пәтерлер жаппай тексерілетін болды
Ел аумағында енді арзан бағаға жалға берілетін пәтерлер мен үйлерге тұрақты түрде рейд жүргізіледі. Әсіресе, жұмыс іздеп басқа өңірден келгендер тұратын, қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін үйлер жіті бақылауға алынбақ, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Бектенов келтірген мысал

Бұл туралы Үкіметтің кезекті отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді. Оның айтуынша, жұмыс істеу үшін көшіп келген азаматтар кейде уақытша тұруға жарамсыз, апатты жағдайдағы және өрт қауіпсіздігі талаптары сақталмаған баспаналарды таңдауға мәжбүр. Мұндай нысандарда өрт жиі тіркеледі.

Ол мысал ретінде елордадағы жағдайды атап өтті. Премьер-министр дерегінше, Астанада осындай 860 нысан есепке алынған. Ал өткен қыс айларында олардың 30-ға жуығында өрт болған.

Өрттің негізгі себептері неде

Олжас Бектенов өрт оқиғаларына көбіне электр сымдарының тұйықталуы, отты абайсыз пайдалану және қарапайым өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы себеп болатынын айтты.

Осыған байланысты Үкімет басшысы әкімдіктерге Ішкі істер министрлігі және Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, мұндай тұрғын үйлерді ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Сондай-ақ арзан жалдамалы пәтерлер мен үйлерде тұрақты рейд жүргізіп, өрт қаупін тудыратын факторларды анықтау және қажетті шараларды жедел қабылдау міндеттелді.

Сообщение Қазақстанда жалдамалы пәтерлер жаппай тексерілетін болды появились сначала на Tizgin kz.

Үш өңірде тұрғындар жылуға шағымданды: Бектенов шұғыл шара қабылдауды тапсырды
Қазақстанда жылыту маусымы барлық өңірде басталғанымен, кейбір қалаларда тұрғындар жылудың сапасына наразылық білдіріп, шағым түсіріп жатыр. Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Ақтау, Павлодар және Петропавлдағы жағдайға назар аударып, әкімдерге нақты тапсырмалар берді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Үш қаладан шағым түскен

Үкімет басшысының айтуынша, биыл жазда еліміздегі жылу және электр желілерін жөндеу, энергетикалық жабдықтарды жаңғырту жұмыстары жүргізілген. Барлық өңірде жылыту маусымы басталып, тұтынушыларға жылу бекітілген кестеге сәйкес берілген. Алайда кейбір қалаларда тұрғындар жылудың жеткіліксіздігіне немесе мүлде берілмеуіне байланысты шағымданған.

Бірақ жылудың сапасына наразы немесе жылусыз қалған тұрғындар тарапынан шағымдар да келіп түсуде. Олардың ішінде Ақтау, Павлодар және Петропавл тұрғындары бар. Өңір әкімдеріне жылу беру маусымына жауапты өңірлік штабтардың жұмысын күшейтіп, халықтың арыз-шағымдарына жедел әрекет етуді тапсырамын. Қыс айларындағы жұмыстарға авариялық бригадалар мен арнайы техниканы толық жұмылдыру қажет.

Олжас Бектенов өңір әкімдіктеріне жылыту маусымы кезінде туындайтын мәселелерді жедел шешуді, авариялық қызметтердің дайындығын қамтамасыз етуді және халыққа қажетті көмірдің тұрақты бағамен қолжетімді болуын бақылауды тапсырды. Сонымен қатар Энергетика министрлігі мен әкімдіктер энергия көздеріндегі жөндеу жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес аяқтап, қажетті жабдықтардың резервін қалыптастыруға тиіс. Премьер-министр тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз жылумен қамтамасыз ету қажеттігін атап өтіп, әсіресе әлеуметтік нысандарға ерекше көңіл бөлуді талап етті.

Энергетика саласындағы маман тапшылығын шешу тапсырылды

Үкімет отырысында энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту және саладағы кадр тапшылығы мәселесі де көтерілді. Бектенов Мемлекет басшысының жаңа электр станциялары мен электр желілерін салу, қолданыстағы нысандарды жаңарту, таза көмір генерациясы мен жаңартылатын энергия көздерін дамыту жөніндегі тапсырмаларын еске салды. Оның айтуынша, энергетика нысандарын жөндеу мен жаңғыртуға қомақты қаражат бөлініп жатыр. Алайда инфрақұрылымды дамыту үшін білікті мамандар даярлау ісін де қатар күшейту қажет.

Премьер-министр әсіресе атом энергетикасының дамуын ескере отырып, кәсіби кадрлардың сабақтастығын қамтамасыз етуге, практикалық дағдыларды жетілдіруге және саланың тұрақты кадрлық резервін қалыптастыруға назар аударды. Осыған байланысты Ғылым және жоғары білім, Оқу-ағарту және Энергетика министрліктеріне өңір әкімдіктерімен бірлесіп, энергетика мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы маман тапшылығын шешуге бағытталған нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеу тапсырылды.

Жылыту маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жалпы үйлестіру Премьер-министрдің орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевқа жүктелді.

Сообщение Үш өңірде тұрғындар жылуға шағымданды: Бектенов шұғыл шара қабылдауды тапсырды появились сначала на Tizgin kz.

Бектенов энергетика саласындағы ірі жобалардың мерзімін қатаң бақылауға алуды тапсырды
Премьер-министрі Олжас Бектенов электр энергетикасы саласының өзекті мәселелері бойынша кеңес өткізді. Онда «Самұрық-Қазына» қорының жобалары және елдің энергетикалық егемендігін нығайту жөніндегі шаралар қаралды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында 2027 жылды Жалпыұлттық ауқымды құрылыс жылы деп жариялады. Экономиканың өсуі, жаңа өнеркәсіптік жобаларды жүзеге асыру және цифрлық инфрақұрылымды жедел дамыту аясында энергия жүйесіне жүктеме айтарлықтай арта түседі. Мемлекет басшысының 2029 жылға қарай қуат көзін артығымен өндіретіндей деңгейге қол жеткізу міндеті үш бағыттың, атап айтқанда генерация қуаттарын арттыру мен электр желілерін дамыту және тұтыну көлемінің өсуін толық үйлестіруді талап етеді», –  деді премьер-министр.

Оңтүстік пен батыста электр желілері күшейтіледі

Кеңесте KEGOC басқарма төрағасы Нәби Айтжанов ұлттық электр желілерін дамытуға бағытталған инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысын таныстырды.

Соның бірі – Қазақстанның оңтүстік аймағындағы электр желілерін күшейту жобасы. Оның аясында Алматы – Жамбыл – Шымкент бағытындағы электр энергиясын өткізу мүмкіндігі қосымша 440 МВт-қа артады.

Жобаны 2027 жылдың шілдесінде пайдалануға беру жоспарланған. Бұл оңтүстік өңірлерді электрмен жабдықтау сенімділігін арттырып, жаңартылатын энергия көздерін бірыңғай жүйеге қосуға қосымша мүмкіндік береді.

Батыс Қазақстанның энергетикалық жүйесін елдің Бірыңғай электр энергетикалық жүйесімен біріктіру жұмыстары да жалғасып жатыр. Жоба аясында электр энергиясын өткізу қабілетін 500 МВт-қа дейін ұлғайту көзделген.

Оның жүзеге асырылуы Атырау мен Ақтөбе облыстарындағы электр стансаларының өндірістік әлеуетін тиімді пайдалануға, Ақтөбе энергия торабына түсетін жүктемені азайтуға және батыс өңірлердің электрмен жабдықтау сенімділігін күшейтуге мүмкіндік береді.

Бұл жобаны 2027 жылдың желтоқсанында аяқтау жоспарланып отыр. Ал оның екінші кезеңі 2035 жылы жүзеге асырылып, жоғары кернеулі электр желілерін өзара сақиналы схема бойынша байланыстыру жұмыстары аяқталмақ.

Сонымен қатар Алматы және Жетісу облыстарының электр желілерін дамыту жоспарлары қаралды. Бұл жобалар гидроэнергетиканы кеңейтуге және жаңартылатын энергия көздерінің жаңа нысандарын қосуға жағдай жасайды. Кеңесте «Самұрық-Энерго» басқарма төрағасы Аңсар Айдаров жаңа электр қуаттарын іске қосу бағытындағы жұмыстар туралы баяндады.

Атап айтқанда, Алматыдағы ЖЭО-2-ні жаңғырту, ЖЭО-3-ті реконструкциялау, Көкшетау мен Семейде жаңа жылу электр орталықтарын салу, Екібастұз ГРЭС-2-ні кеңейту жобаларының орындалуы талқыланды.

Бұдан бөлек, Қызылорда және Түркістан облыстарында бу-газ қондырғыларын салу, энергия жинақтау жүйелерімен жабдықталған жаңартылатын энергия көздерін дамыту және гидроэнергетикалық жобаларды іске асыру мәселелері қаралды.

Премьер-министр жаңа электр стансаларын салу мен пайдалануға беру мерзімдерінің сақталуына ерекше назар аударды. Ол ұлттық электр желілерін дамыту жұмыстары электр энергиясын тұтыну көлемінің өсуінен озық қарқынмен жүргізілуі қажет екенін атап өтті.

Энергетика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, 2027 жылдың қыркүйегіне дейін елдің энергетикалық теңгерімін өзектендіру тапсырылды. Сондай-ақ инвестициялық жобалардың уақтылы жүзеге асырылуын бақылауды күшейту міндеті қойылды.

ЖИ энергетика саласына миллиардтаған теңге үнемдеуге көмектеспек

Кеңес барысында Олжас Бектенов KEGOC компаниясының ұлттық электр желілерін күзгі-қысқы кезеңге дайындау жұмыстарымен және Ұлттық диспетчерлік орталықтың қызметімен танысты.

Фото: Үкімет

Компания мәліметінше, энергетика саласына цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті енгізу электр энергиясының ағынын тиімді басқаруға және желілердегі шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

Алдын ала есептеулер бойынша, цифрлық шешімдерді қолданудың жыл сайынғы қаржылық тиімділігі 5,5 млрд теңгеге жетеді. Бұл компанияның EBITDA көрсеткішінің шамамен 3%-ына тең.

Бұған қоса, электр стансаларын жиілік пен белсенді қуатты автоматты реттеу жүйесіне қосу жыл сайын тағы 4 млрд теңгеге жуық қаражат үнемдеуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта Ұлттық диспетчерлік орталық елдегі электр энергиясын өндіру мен тұтыну теңгерімін бақылайды. Сондай-ақ KEGOC компаниясына қарасты 83 қосалқы стансаның жабдықтарын басқару осы орталық арқылы жүзеге асырылады. Жүйеде 50 мыңнан астам көрсеткіш жаңартылып отырады. Бұл электр желілеріндегі өзгерістерді жедел анықтап, ықтимал апаттардың алдын алуға жағдай жасайды.

Мәселен, жыл басынан бері «Солтүстік – Оңтүстік» транзиттік желісінде жүктеменің күрт артуына байланысты 70-тен астам жағдай тіркелген. Олардың 95%-ы тұтынушыларды электр энергиясынан ажыратпай-ақ реттелген.

Ал AI-KEGOC интеллектуалды платформасы 21 энергия торабы мен жаңартылатын энергия көздерінің 169 нысаны бойынша электр энергиясын өндіру және тұтыну көлемін бір тәулік бұрын болжай алады.

Цифрлық технологиялардың көмегімен «Солтүстік – Оңтүстік» негізгі энергетикалық дәлізінің өткізу қабілеті 250 МВт-қа артқан. KEGOC мәліметінше, бұл тұтас бір қаланың электр энергиясын тұтыну көлемімен шамалас. Маңыздысы, мұндай нәтижеге жаңа энергетикалық нысандар салуға қосымша қаражат жұмсамай-ақ қол жеткізілген. Сонымен бірге электр энергиясының технологиялық шығындары да азайтылған.

Үкімет басшысы энергетика саласындағы цифрландыру жұмыстарын жалғастыруды және жаңа қуат көздерін іске қосуға бағытталған жобалардың орындалуын бақылауды күшейтуді тапсырды.

Сообщение Бектенов энергетика саласындағы ірі жобалардың мерзімін қатаң бақылауға алуды тапсырды появились сначала на Tizgin kz.

14 сарбаздың қазасы: Бектенов тексерістен соң анықталған кемшіліктерді атады
Маңғыстау облысында 14 әскери қызметші қаза тапқан қайғылы оқиға оқу-жаттығуларды жоспарлау мен өткізу кезінде жүйелі проблемалар бар екенін көрсеткен. Қорғаныс министрлігін кешенді тексеру барысында қауіп-қатерді бағалау, оқу-жаттығу барысын бақылау және жағдай өзгерген кезде жедел әрекет етуге дайындық бағытында кемшіліктер анықталған. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында мәлім етті, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Жағдай бақыланбаған

Үкімет басшысы Құрылтай депутаттарының 2026 жылы 1 қазандағы сауалына берген жауабында әскери оқу-жаттығулар кезіндегі қауіпсіздік мәселесіне тоқталған. Оның мәліметінше, тексеру кезінде қауіпті факторларға жеткілікті назар аударылмағаны анықталған.

“Қорғаныс министрлігін кешенді тексеру нәтижесінде оқу-жаттығулар барысын бақылауды ұйымдастыруда, ықтимал тәуекелдерді бағалауда және жағдай өзгерген кезде жедел ден қоюға дайындықта кемшіліктер бар екені анықталды. Атап айтқанда, қауіпті факторларға жеткілікті назар аудармау, қауіпсіздік талаптарының сақталуына және оқу-жаттығулардың қауіпті кезеңдерін тоқтата тұру туралы шешімдердің уақтылы қабылдануына тиісті бақылаудың болмауы”, – делінген жауапта.

Премьер-министрдің жауабында тексеру барысында анықталған ұйымдастырушылық кемшіліктер аталған. Алайда әскери қызметшілердің қаза табуына тікелей себеп болған нақты мән-жайлар мен лауазымды тұлғалардың жеке жауапкершілігі жөніндегі қорытындылар келтірілмеген.

Әскери реформаның жобасы әзірленді

Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес уәкілетті органдар Әскери реформа жоспарының жобасын әзірлегенін хабарлады. Реформа әскери басқару жүйесін жетілдіруді көздейді. Соның аясында әскери қызметшілердің қауіпсіздік талаптарын мүлтіксіз сақтай отырып, оқу-жаттығуларды жоспарлау тәртібін стандарттау қарастырылған. Үкімет басшысының мәліметінше, әскерде орналасқан жерді анықтау, әуеден бақылау және құлақтандыру технологиялары қазірдің өзінде қолданылады. Қарулы Күштерде әуеден бақылау жүргізетін ұшқышсыз жүйелер бар. Ал күштік құрылымдардың жекелеген бөлімшелері геолокацияны анықтауға және әскери қызметшілердің физиологиялық жай-күйін бақылауға арналған жеке құрылғыларды пайдаланады.

Сонымен қатар күштік мемлекеттік органдар «Қазгидрометпен» өзара іс-қимыл орнатқан. Осы жұмыс аясында оларға ауа райының болжамды өзгерістері мен дауылды ескертулер туралы мәліметтер тұрақты түрде ұсынылады. Дегенмен аталған технологиялар мен ақпарат көздерінің болуы оқу-жаттығуларды ұйымдастырудағы кемшіліктердің алдын алуға жеткіліксіз болған. Депутаттарға берілген жауапта Әскери реформа жоспарын бекіту және іске асыру мерзімдері нақтыланбаған.

Каспийдегі трагедия

24 қыркүйек күні Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде тоғыз әскери қызметші қаза тапқаны белгілі болған еді. Кейін құрбан болғандар саны одан да көбейді. Осы оқиғадан кейін Мемлекет басшысының өкімімен 2026 жылғы 25 қыркүйек Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Аталған оқиға бойынша тергеу екі баппен жүргізіліп жатыр.

Бас прокуратура іс бойынша күдікті лауазымды адамдар анықталғанын хабарлады. 25 күні таңертең соңғы екі әскери қызметкердің денесі табылды.

Осы оқиғадан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі ахуалды кешенді тексеру жөніндегі комиссия құрды.

Сообщение 14 сарбаздың қазасы: Бектенов тексерістен соң анықталған кемшіліктерді атады появились сначала на Tizgin kz.

Бай-бағландарға салынатын салық: Үкімет халықаралық тәжірибені зерттейді
Елде аса ауқатты азаматтарға салық салу тәсілдері қайта қаралуы мүмкін. Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлттық экономика және Қаржы министрліктеріне халықаралық тәжірибені зерттеп, бір ай ішінде нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Үкіметке бір ай уақыт берілді

Тиісті тапсырма Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шараларына арналған Үкімет отырысында берілді.

Олжас Бектеновтің айтуынша, жауапты ведомстволар шетелдердегі тәжірибені зерделеп, аса ауқатты азаматтарға салық салу бойынша өз тәсілдерін ұсынуы керек.

«Ұлттық экономика министрлігі мен Қаржы министрлігі бір ай мерзімде халықаралық тәжірибені зерделеп, аса ауқатты азаматтарға салық салу тәсілдерін енгізу бойынша ұсыныстар енгізсін», – деді Үкімет басшысы.

Жаңа Салық кодексіне де түзетулер енгізілуі мүмкін

Бұдан бөлек, премьер-министр Ұлттық экономика министрлігіне жаңа Салық кодексіне қатысты нысаналы түзетулер пакетін пысықтауды тапсырды.

Ұсынылатын өзгерістерді басқа мемлекеттік органдармен келісу қажет.

Әзірге аса ауқатты азаматтарға қандай мөлшерлеме бойынша салық салынатыны және жаңа тәсілдердің нақты қандай болатыны жарияланған жоқ. Бұл бағыттағы ұсыныстар халықаралық тәжірибені зерделеу қорытындысы бойынша әзірленуге тиіс.

Сообщение Бай-бағландарға салынатын салық: Үкімет халықаралық тәжірибені зерттейді появились сначала на Tizgin kz.

Үкімет Президент жүктеген міндеттерді жүйелі түрде шешу үшін барлық қажетті шараны қабылдайды – Олжас Бектенов
Президент жариялаған «Халықтық құрылыс» бағдарламасы жұмыспен қамту деңгейін арттырып, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға ықпал етеді. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын жүзеге асыру шаралары қаралған Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Халықтық құрылыс» қандай өзгерістерге жол ашады

Бектеновтің айтуынша, бағдарлама экономиканың барлық саласындағы инфрақұрылымдық өзгерістер мен реформаларға негіз болады. Үкімет басшысы жобаның маңызын халықты жұмыспен қамту және тұрмыс сапасын жақсарту міндеттерімен байланыстырды.

«Президент жариялаған ауқымды “Халықтық құрылыс” бағдарламасы экономиканың барлық саласындағы түбегейлі инфрақұрылымдық өзгерістер мен реформаларға жол ашады. Жалпыхалықтық жоба жұмыспен қамту деңгейін арттырып, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға үлкен серпін береді», – деді Олжас Бектенов.

Премьер-министр Президент айқындаған басты мақсат – Әділетті, Күшті, Таза, Озық Қазақстанды құру екенін атап өтті. Оның сөзінше, бұл мақсатқа жету үшін елдің әлеуеті мен заманауи инновациялар ұсынатын мүмкіндіктерді тиімді пайдалану қажет.

Жолдауды іске асыру үшін нақты жоспар әзірленуі керек

Бектенов Жолдауды алдағы кезеңге арналған мазмұндық тұрғыдан ең ауқымды бағдарламалық құжат деп бағалады. Ол құжатта белгіленген міндеттерді орындау үшін нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеу қажет екенін айтты.

Үкімет отырысында мемлекеттік органдардың басшылары еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары бойынша баяндама жасады.

Сообщение Үкімет Президент жүктеген міндеттерді жүйелі түрде шешу үшін барлық қажетті шараны қабылдайды – Олжас Бектенов появились сначала на Tizgin kz.

Бектенов Медеуова көтерген мәселе Үкіметте қаралатынын мәлім етті
Қазақстанда 2026 жылдың тоғыз айында ауылдық жерлердегі аса тапшы мамандықтар бойынша 230 дәрігерге 8,5 млн теңгеден көтерме жәрдемақы төленді. Осы кезеңде 223 маман баспанамен қамтамасыз етілген. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов депутат Дана Медеуованың медицина кадрларын қолдау және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі сауалына берген жауабында хабарлады, деп жазады Tizgin.kz.

Ауылға барған дәрігерлерге қандай қолдау көрсетілді

Үкімет мәліметінше, биылғы тоғыз айда барлығы 737 дәрігер әлеуметтік қолдау алған. Оның ішінде 618 маманға көтерме жәрдемақы берілген. Ауылдағы аса тапшы мамандықтар бойынша 8,5 млн теңгелік төлем алған 230 дәрігер осы санатқа кіреді. Салыстыру үшін, 2025 жылы 1760-тан астам дәрігерге әлеуметтік қолдау көрсетіліп, 727-сі тұрғын үймен қамтылған. Ауылдық жерлердегі тапшы мамандықтар бойынша 529 дәрігерге 8,5 млн теңгеге дейін жәрдемақы төленген.

Жас мамандардың жұмыс орнында тұрақтап қалуына көмектесу үшін бейімдеу және тәлімгерлік орталықтары да құрылып жатыр. Олар еңбек жолын енді бастаған дәрігерлерге кәсіби қолдау көрсетуге тиіс. Ресми дерек бойынша, 2023-2025 жылдар аралығында елдегі дәрігер тапшылығы 20,4%-ға төмендеген. Алайда 2025 жылдың қорытындысында қажеттілік әлі де 3869,5 штаттық бірлікті құраған. Бұл көрсеткіш 2023 жылы 4863,75 болған. Ауылдық жерлерде тапшылық осы кезеңде 28,3%-ға азайып, 803,5 штаттық бірлікке түскен.

Мемлекеттік медициналық ұйымдардың дәрігерлермен жасақталу деңгейі – 92,3%, орта буын медицина қызметкерлерімен қамтылуы – 96,3%. Ауылда бұл көрсеткіштер тиісінше 93,9% және 97,9% болған.

Сонымен қатар Олжас Бектенов депутат көтерген мәселе назарға алынатынын айтады.

“Сіз бастамашылық еткен «Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі және қызметіне берілетін кепілдіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы заңнамада белгіленген тәртіппен Үкіметте қаралатын болады”, – делінген жауапта.

Медеуова дәрігерлердің мәртебесі мен құқықтарын қорғау мәселесін көтерді

Депутат Медеуова сауалында денсаулық сақтау саласының кадрлық әлеуетін нығайту және медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау мәселелерін көтерген. Бектенов жауабында депутат бастамашылық еткен «Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі және қызметіне берілетін кепілдіктер туралы» заң жобасы Үкіметте белгіленген тәртіппен қаралатынын хабарлады.

Премьер-министрдің мәліметінше, биыл медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем жүргізушілеріне қатысты қорқыту және күш қолдану үшін қылмыстық жауаптылықты, сондай-ақ олардың өмірі мен денсаулығын сақтандыру шараларын көздейтін екі заң қабылданған.

Бұдан бөлек, 2024 жылдан бері медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру тетігі жұмыс істейді. Қазір осы тетік аясында 176,6 мыңнан астам маман сақтандырылған. Үкімет дәрігерлердің еңбек жағдайын жақсарту мен құқықтық қорғалуын күшейту жұмысы жалғасатынын мәлімдеді.

Сообщение Бектенов Медеуова көтерген мәселе Үкіметте қаралатынын мәлім етті появились сначала на Tizgin kz.

Мәслихат сайлауы – Мемлекет басшысы Премьер-Министр және Құрылтай төрағасымен кеңес өткізді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Олжас Бектеновпен және Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебаймен барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі бойынша консультациялар өткізді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Президент мәслихаттардың маңызын атап өтті

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті өкілді органдардың толыққанды жұмыс істеуі маңызды екенін айтты.

Президенттің сөзінше, мәслихаттар азаматтардың заңды мүдделерін қорғауда, жергілікті бюджеттерді бекітуде және өңірлердің дамуын бақылауда маңызды рөл атқарады.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы депутаттық корпусты жаңарту жергілікті өкілді органдардың қызметін едәуір күшейтетініне сенім білдірді.

Премьер-министр мен Құрылтай төрағасы ұсыныстарын жеткізді

Қазақстан Республикасы Конституциясының 88-бабының 5-тармағына сәйкес өткізілген консультациялар барысында Премьер-министр Олжас Бектенов пен Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай қарастырылып отырған мәселеге қатысты өз ұсыныстарын білдірді.

Тараптар барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесін талқылады.

Түпкілікті шешімді Президент қабылдайды

Кездесу қорытындысында Қасым-Жомарт Тоқаев айтылған ұсыныстар мен пікірлерді ескере отырып, түпкілікті шешім қабылдайтынын мәлімдеді.

Мемлекет басшысы шешім Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелеріне толық сәйкес қабылданатынын атап өтті. Әзірге мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы түпкілікті шешім жарияланған жоқ.

Сообщение Мәслихат сайлауы – Мемлекет басшысы Премьер-Министр және Құрылтай төрағасымен кеңес өткізді появились сначала на Tizgin kz.