Архивы экспорт - Tizgin kz

Қазақстан 68,4 млрд доллардың өнімін экспорттаған: мұндай өсім немен байланысты
Ел экспорты жыл басталғалы тоғыз айда 68,4 миллиард долларға жетіп, соңғы 13 жылдағы ең жоғары көрсеткішті тіркеді. Бір қарағанда, бұл ел экономикасы үшін қуанышты жаңалық. Алайда экспорттан түскен кірістің артуына қазақстандық өнім көлемінің көбеюі емес, негізінен мұнай мен басқа да шикізат тауары бағасының қымбаттауы әсер еткен, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Экспорт көлемі неліктен күрт өсті

Экономист Руслан Сұлтанов өзінің Tengenomika арнасында елдің сыртқы сауда көрсеткіштеріне талдау жасаған. Оның мәліметінше, биыл қаңтар-қыркүйек айларында экспорт көлемі ақшалай мәнде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,1 пайызға өсіп, 68,4 миллиард долларға жетті. Мұндай көрсеткіш соңғы рет 2013 жылы тіркелген. Осы жылдың алғашқы тоғыз айында импорт көлемі де артқан. Көрсеткіш 4 пайызға өсіп, 48,4 миллиард долларды құрады. Ал экспорт пен импорт арасындағы оң сауда сальдосы 20,1 миллиард долларға дейін ұлғайды. Дегенмен Сұлтанов экспорттық кірістің өсуі Қазақстан шетелге бұрынғыдан көбірек өнім сата бастады деп қабылдамауға болмайтынын айтады.

Экономист экспорттан түсетін кіріс жыл басталғалы бірқалыпты өсім көрсетпегеніне де назар аударды. Қаңтар-мамыр айларында айлық көрсеткіш 5,9-6,5 миллиард доллар аралығында болса, жаз айларында 9,5-10,2 миллиард долларға дейін күрт көтерілген. Бұл кезеңде Иран мен АҚШ арасындағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты әлемдік нарықта мұнай бағасы да өсті. Мәселен, жазда Қазақстан экспорттайтын мұнайдың бір тоннасының орташа бағасы 784-844 долларға жетті. Ал жыл басында бұл көрсеткіш 470-600 доллар аралығында болған.

Сонымен қатар Қазақстан мұнайының экспорт көлемі керісінше азайған көрінеді. Тоғыз айда шетелге 53,1 миллион тонна мұнай жеткізіліп, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,4 пайызға төмендеген. Соған қарамастан мұнайдан түскен кіріс 4 миллиард долларға артты.

Экспорт өсімінің негізгі бөлігі мұнаймен өлшеніп тұр ма

Қазақстан экспортының артуына мұнайдан бөлек, металдар да айтарлықтай үлес қосқан. Мәселен, катодты мыс экспортынан түскен кіріс 55 пайызға өскен. Бұл ретте жеткізу көлемі 12 пайызға артса, бір тонна мыстың бағасы 38 пайызға қымбаттаған.

Уран экспортынан түскен табыс та 29 пайызға көбейді. Ал жеткізу көлемінің өсімі 10 пайызды құраған. Экономист есебінше, мұнай мен металдар Қазақстан экспорты өсімінің шамамен 75 пайызын қамтамасыз еткен. Демек, сыртқы саудадағы оң динамиканың едәуір бөлігі әлемдік шикізат нарығындағы бағаға тәуелді болып отыр Бұл жағдай теңге бағамына да ықпал етуі мүмкін. Алайда ұлттық валюта бағамы экспорттаушылардың валюта сату көлеміне, импортқа деген сұранысқа және қаржы ағындарына да байланысты. Мұнай бағасының өсуі мемлекеттік бюджетке қосымша кіріс әкелгенімен, мұндай түсімдердің тұрақтылығы әлемдік нарықтағы бағаға тәуелді.

Руслан Сұлтановтың пікірінше, Қазақстан үшін басты міндет – шикізат экспортына тәуелділікті азайтып, өңделген өнім мен қосылған құны жоғары тауарлардың шетелге жеткізілу көлемін арттыру. Экономист экспорттың тарихи максимумға жеткенін атап өткенімен, оның тұрақтылығы әлі де шикізат бағасына байланысты екенін ескертеді. Сондықтан ел экономикасы үшін өңдеу өнеркәсібін дамытып, шикізаттық емес экспорт үлесін көбейту маңызды бағыттардың бірі болып қала береді.

Сообщение Қазақстан 68,4 млрд доллардың өнімін экспорттаған: мұндай өсім немен байланысты появились сначала на Tizgin kz.

Қытай автокөлік экспортына қойылатын талаптарды күшейтіп жатыр
Қытай келер жылы автокөлік пен мотоцикл экспорттауды жоспарлаған компанияларға қойылатын талаптарды күшейтуге бекініп отыр, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Өндірушілер нені ескерулері тиіс

Қытайдың Сауда министрлігі тиісті хабарламаны 29 қыркүйек күні жариялаған. Ал 2027 жылға арналған экспорттық лицензияларға өтінім қабылдайтын онлайн жүйе 30 қыркүйекте іске қосылды. Жергілікті сауда органдары құжаттарды бастапқы тексеруден өткізіп, оларды министрлікке 2026 жылғы 28 қазанға дейін жолдауы тиіс.

Көрсетілуі тиіс құжаттар

Жаңа талаптардың ішіндегі ең маңыздысы – шетелдегі сервистік орталықтар жұмысын растау. Компаниялар автокөлікке сатудан кейінгі қызмет көрсететін орталықтармен жасалған келісімшарттарды, олардың біліктілігін растайтын құжаттарды, фотосуреттер мен қызметкерлерінің біліктілігі туралы мәліметтерді ұсынуы керек. Сондай-ақ қосалқы бөлшектерді жеткізу логистикасына қатысты ақпаратты да көрсетулері қажет.

Бірінші санаттағы автокөлік өндірушілері шетелде кемінде 50 осындай сервистік орталығы бар екенін дәлелдеуге міндетті.

Талап тағы кімдерге қойылады

Қайта жабдықталған автокөлік өндірушілеріне де жеке талаптар қойылады. Олар өткен жылғы экспорттық қызметі туралы ақпаратты, экспортталатын модельдер құжаттарын, сертификаттау жөніндегі мәліметтерді ұсынуы тиіс.

Егер арнайы мақсаттағы, патрульдік немесе оқу автомобильдері секілді қайта жабдықталған көліктер экспортқа жеңіл көлік ретінде рәсімделсе, өндіруші бастапқы автокөлік жасаушы компаниядан қосымша растау алуы қажет. Онда шетелдегі техникалық қолдауды қамтамасыз ету, қосалқы бөлшектермен жабдықтау, сондай-ақ сапа мәселелері мен сатудан кейінгі қызмет көрсетуге қатысты мәселелерді шешуге дайын екені көрсетілуі тиіс.

Мәлімет шынайы көрсетілуі тиіс

Бұдан бөлек, қытайлық компаниялар шетел нарықтарындағы баға белгілеу талаптарын сақтап, бәсекелестік артықшылыққа ие болу үшін нарықтың қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтірмеуге міндеттеме алады. Экспорттық лицензия рәсімдеу кезінде автокөлік бағасын қоса алғанда, барлық мәлімет нақты әрі шынайы көрсетілуі тиіс.

Сообщение Қытай автокөлік экспортына қойылатын талаптарды күшейтіп жатыр появились сначала на Tizgin kz.

IT-қызметтердің $1 млрд экспорты халықаралық ауқымға шыға алатынынымызды көрсетеді – экономист
Күні кеше AI & Digital Bridge форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген маңызды мәселелер еліміздің технологиялық даму бағытын айқындап берді. Әсіресе, Дональд Трамптың бастамасымен жасалған суперинтеллект туралы келісім мен Қазақстанның IT-қызметтер экспортындағы тарихи триумфы – қоғам назарын аударатын басты тақырыптар. Экономист Айбар Олжаев бұл жетістіктердің астарында үлкен экономикалық құн мен жаһандық жауапкершілік жатқанын атап өтеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Интеллект экспорты және 1 миллиард доллардың сыры

Американың жетекші технологиялық компаниялары қол қойған Суперинтеллект туралы келісім жасанды интеллектіні дамытудағы жаһандық жауапкершілікті меңзейді. Технология қарыштап дамыған сайын, оның жұмыс істеу қағидаларын ортақ жүйеге келтіру қажеттілігі туындайды. Қазақстан үшін бұл процестің практикалық маңызы зор, себебі еліміз халықаралық технология нарығының толыққанды ойыншысына айналып үлгерді.

Мемлекет басшысының сөзінше, өткен жылы отандық IT-қызметтер экспорты 1 миллиард доллардан асып түскен. Экономист Айбар Олжаев бұл көрсеткіштің кездейсоқ еместігін айтып, оның экономикалық салмағына тоқталады:

«Бір миллиард доллар. Осы санның артында мамандардың білімі, инженерлердің еңбегі, кәсіпкерлердің тәуекелі тұр. Шетелдік тапсырыс беруші қазақстандық команданың қызметіне ақша төлесе, демек, біздің маман оның мәселесін шеше алған», – дейді Айбар Олжаев.

Расында, білімнің экономикалық құны дәл осылай қалыптасып, ол тікелей экспорттық түсімге, жоғары жалақыға және бизнестің көкжиегін кеңейтуге жол ашады. Шикізатқа тәуелділіктен арылып, ақыл-ойды капиталға айналдырудың нақты көрінісі осы болса керек.

Шекарасыз білім: Халықаралық нарықтағы жаңа міндеттер

Бүгінде қазақстандық цифрлық шешімдер әлемнің 100-ден аса елінде қолжетімді. Бұл – біздің мамандардың білімі мен білігі географиялық шекаралардан еркін өте алатынының айқын белгісі. Әрине, барлық нарықты бірдей бағындырдық деу ерте, алайда отандық өнімдердің халықаралық бәсекеге қабілеттілігі даусыз фактіге айналды. Ендігі басты міндет – осынау әлеуетті тұрақты сұраныс пен ұзақмерзімді келісімшарттарға ұластыру.

Осы орайда Президенттің стартаптарға нақты қолдау көрсету, өнеркәсіп қажеттіліктеріне негізделген міндеттер тізімін жасап, AI Challenge өткізу туралы бастамасы дер кезінде көтеріліп отыр. Экономист сарапшы бұл қадамның стратегиялық маңызын былай деп түсіндіреді:

«Өнеркәсіптің қажеттіліктеріне негізделген міндеттер тізімін жасап, соған сай AI Challenge өткізу ұсынысы да осыған қызмет етеді. Команда нақты өндірістік мәселені шешіп, жобасы кәсіпорынға енгізілсе, оның келесі тапсырыс берушіге ұсынатын дәлелденген тәжірибесі болады», – дейді сарапшы.

Қорыта айтқанда, Қазақстан шикізаттық экспорттан – ақыл-ой экспортына көшудің жарқын үлгісін көрсетіп келеді. Заттан ми қымбат екенін дәлелдеген отандық IT-сектор ендігі кезекте жаһандық технологиялық экожүйенің ажырамас әрі беделді бөлшегіне айналуды көздеп отыр.

Сообщение IT-қызметтердің $1 млрд экспорты халықаралық ауқымға шыға алатынынымызды көрсетеді – экономист появились сначала на Tizgin kz.

Қазақстанның дәрісі алғаш рет Еуроодақ нарығына шығады
Шымкенттегі «Химфарм» зауытында әзірленген SIGLETIC 100 мг №28 препаратының 7841 қаптамасы Болгарияға жөнелтілді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Дәрінің құрамы

Аталған дәрі құрамында ситаглиптин бар. Ол екінші типтегі қант диабетімен ауыратын ересектердегі қандағы глюкоза деңгейін бақылауға қолданылады. Өнімді «Химфарм» АҚ өндірген. Кәсіпорын халықаралық Polpharma Group құрамында және дәрілері SANTO сауда белгісімен шығады.

Өндірісті жаңғыртып, халықаралық талаптарға сәйкестендіруі компанияның Еуропа нарығына шығуына  мүмкіндік берген. Өткен жылы еуропалық реттеуші органдар жүргізген инспекциядан кейін «Химфарм» Еуропалық Одақтың GMP талаптарына сәйкестік сертификатын алды.

«Экспорттық мүмкіндіктерге жол ашады»

Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков, кәсіпорын басшылығы мен қызметкерлері алғашқы партияны Болгарияға жөнелту рәсіміне қатысты.

«Отандық дәрі алғаш рет Еуропалық Одақ нарығына шықты. Бұл елдегі өндірістің халықаралық талаптарға сәйкес келетінін көрсетіп, экспорттық мүмкіндіктерге жаңа жол ашады», – деді Сыздықбеков.

Кәсіпорын тарихы

Айта кетейік, «Химфарм» кәсіпорнының тарихы 1882 жылдан басталады. 2011 жылы Polpharma Group құрамына енген. Қазір зауытта ұзын-сары 967 адам еңбек етіп жатыр. Кәсіпорын жылына 1 млрд данаға жуық қатты дәрілік препарат өндіре алады.

Сообщение Қазақстанның дәрісі алғаш рет Еуроодақ нарығына шығады появились сначала на Tizgin kz.

Қазақстанның мұнайын қай елдер сатып алып жатыр
Қазақстан мұнайы негізінен Еуропа елдеріне экспортталады. 2025 жылы еліміз 76,3 млн тонна мұнай сыртқа жөнелтсе, оның 70 пайыздан астамы Италия, Нидерланды, Франция, Румыния және Грекияға жеткізілген, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы Ranking зерттеуіне сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстан мұнай экспортының көлемі кейінгі 10 жылда 20 пайызға өскен. 2015 жылы шетелге 63,6 млн тонна мұнай жөнелтілсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 76,3 млн тоннаға жетті. Былтыр мұнай экспортының жалпы құны 40 млрд АҚШ долларын құрады. Алайда экспорт көлемінің өсуі кірістің дәл сондай деңгейде артқанын білдірмейді. Мәселен, 2025 жылы Қазақстан мұнайды 2024 жылмен салыстырғанда 7,4 пайызға көп экспорттағанымен, оның ақшалай көлемі 6,8 пайызға төмендеді.

Бұған әлемдік мұнай бағасының өзгеруі әсер етті. Бір тонна қазақстандық мұнайдың орташа есептік құны 2024 жылғы 604 доллардан 2025 жылы 524 долларға дейін төмендеді.

Қазақстан мұнайын ең көп сатып алатын елдер

Қазақстанның негізгі мұнай сатып алушысы – Италия. 2025 жылы бұл елге 15,2 млрд доллар көлемінде 28,9 млн тонна мұнай жеткізілді. Осылайша, Италия Қазақстан мұнай экспортының физикалық көлемінің 37,8 пайызын, ал құндық көлемінің 38,1 пайызын сатып алған. Екінші орында Нидерланды тұр. Қазақстан бұл елге 5,6 млрд долларға 10,6 млн тонна мұнай экспорттады.

Одан кейінгі орындарға:

Франция – 3 млрд долларға 5,6 млн тонна;

Румыния – 2,6 млрд долларға 5,3 млн тонна;

Грекия – 2,3 млрд долларға 4,3 млн тонна мұнай сатып алды.

Жалпы, осы бес елге Қазақстан мұнай экспортының физикалық және құндық көлемінің 70 пайыздан астамы тиесілі. Бұдан бөлек, қазақстандық мұнай Қытай, Түркия, Германия, Сингапур және Оңтүстік Кореяға да жөнелтіледі. 2025 жылы Қытай 2 млрд долларға 3,8 млн тонна, Түркия 1,5 млрд долларға 2,9 млн тонна, Германия 1 млрд долларға 2 млн тонна мұнай импорттады. Сингапурға 1,8 млн тонна, Оңтүстік Кореяға 1,5 млн тонна мұнай жеткізілді.

2026 жылы мұнай экспорты азайған

2026 жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстан 33 млн тонна мұнай экспорттады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,7 пайызға аз. Дегенмен экспорттың ақшалай көлемі қатты төмендеген жоқ. Бірінші жартыжылдықта Қазақстан 18,8 млрд доллардың мұнайын сатты. Былтыр бұл көрсеткіш 19,5 млрд доллар болған еді. Биылғы алты айда да Италия Қазақстан мұнайын ең көп сатып алған ел болып қалды. Бұл елге 6,8 млрд долларға 11,8 млн тонна мұнай жөнелтілді.

Одан кейін:

Нидерланды – 2,5 млрд долларға 4,4 млн тонна;

Франция – 1,9 млрд долларға 3,2 млн тонна;

Түркия – 1,3 млрд долларға 2,1 млн тонна;

Грекия – 1 млрд долларға 1,9 млн тонна мұнай сатып алды.

2026 жылдың алғашқы жартысында Қазақстан мұнай экспортының физикалық көлемінің 70,9 пайызы, ал құндық көлемінің 71,8 пайызы осы бес елге тиесілі болды. Сонымен қатар Сингапурға 1,5 млн тонна, Румынияға 1,4 млн тонна, Испания мен Қытайға 1,2 млн тоннадан, Германияға 1 млн тонна мұнай экспортталды. Қазақстан мұнайын сыртқы нарықтарға жеткізудің негізгі бағыты — Каспий құбыр консорциумы. 2025 жылдың қорытындысы бойынша осы құбыр арқылы 64,8 млн тонна қазақстандық мұнай тасымалданды.

Бұдан бөлек, мұнай Баку–Тбилиси–Джейхан бағытымен де жөнелтіледі. Бұл бағыт бойынша жылына шамамен 1,2 млн тонна мұнай тасымалданады. Әзербайжан тарапы қазақстандық мұнайды қабылдау көлемін жылына 2,2 млн тоннаға дейін арттыруға дайын екенін мәлімдеген. Мұнай экспортының биылғы төмендеуіне бірінші жартыжылдықтағы өндіріс көлемінің қысқаруы әсер етті. Қаңтар–маусым айларында Қазақстанда 45,7 млн тонна мұнай өндірілді.

Сонымен қатар шілде айында «Теңізшевройл» Теңіз кен орнын кеңейту жобасы аяқталғаннан кейін өндіріс көлемін тәулігіне шамамен 120 мың тоннаға жеткізді. Компания жыл соңына дейін 40 млн тоннаға дейін мұнай өндіруді жоспарлап отыр. Қазақстан үшін мұнай экспортының маңызы тек сатылған шикізат көлемімен өлшенбейді. Мұнайдан түсетін кірістің бір бөлігі Ұлттық қорға жинақталып, мемлекеттік бағдарламалар мен инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға бағытталады. Ал мұнай-газ компаниялары өздері жұмыс істейтін өңірлерде әлеуметтік нысандар салып, денсаулық сақтау, білім беру және сумен қамту жобаларына қаржы құяды.

Сообщение Қазақстанның мұнайын қай елдер сатып алып жатыр появились сначала на Tizgin kz.

Мұнай қоймасы: Қазақстан Сауд Арабиясының шешімінен қандай сабақ алуы керек
Кейінгі жылдары Каспий құбыр консорциумындағы (КҚК) іркілістер, Қара теңіздегі дрон шабуылдары және Ресей арқылы өтетін Дружба бағытының тоқтауы Қазақстан мұнай экспортының сыртқы инфрақұрылымға қаншалықты тәуелді екенін көрсетті. Осылайша мұнай сақтайтын қойма мәселесі қайта жарыққа шықты.

Tizgin.kz осы ретте мұнай сақтау қуатын кеңейтуге ден қойған Сауд Арабиясының тәжірибесін Қазақстанның қазіргі жағдайымен салыстырып көрді.

Мұнай-газ сарапшысы Асқар Исмаилов жуықта осы мәселе туралы жазба жариялады. Оның пікірінше, әлемдегі ірі мұнай өндіруші мемлекеттер соңғы дағдарыстардан кейін мұнайды өндірумен қатар, оны стратегиялық қор ретінде сақтайтын инфрақұрылымның маңызын қайта қарастырып жатыр. Сарапшы Сауд Арабиясының Ормуз бұғазындағы дағдарыстан кейін Жапония мен Оңтүстік Кореядағы мұнай сақтау қуатын кеңейту мүмкіндігін қарастырып отырғанын Қазақстанның жағдайымен салыстырады.

Украинаның дрон шабуылдары көрсеткендей, мұнай экспорттайтын жолдар уақытша жабылса, оны бірден басқа бағытқа бұру әрдайым мүмкін бола бермейді. Сондай кезде өндірілген мұнайды уақытша сақтайтын қуаттың маңызы артады. Қазақстан бұл мәселені қалай шешіп жатыр? КҚК тоқтаса, мұнай қайда кетеді?

Қазақстанның негізгі экспорттық бағыты

Каспий құбыр консорциумы 2025 жылы осы құбыр арқылы Қазақстан 64,8 млн тонна мұнай экспорттады. Сол жылы елдің жалпы мұнай экспорты 78,7 млн тонна болды. Яғни сыртқа шығарылған мұнайдың басым бөлігі осы бағытпен өтті.

КҚК Қазақстанның батысындағы кен орындарынан мұнайды Ресей аумағы арқылы Новороссийск портына жеткізеді. Қалыпты жағдайда бұл тиімді жол. Бірақ оның осал тұсы да бар. Қазақстан мұнайын әлемдік нарыққа шығаратын маңызды «тамыр» өз «ағзасынан» тыс жатыр.

Бұл тәуекел биыл бірнеше рет көрінді. Қара теңіздегі дрон шабуылдарынан кейін КҚК жұмысы шектелді. Шілдеде құбыр арқылы мұнай тиеу көлемі 20 пайыздан астам төмендеді. Reuters дерегінше, бұл тәулігіне шамамен 400 мың баррель мұнайдың жөнелтілмеуіне әкелген.

Мәселе мұнымен біткен жоқ. Экспорттық терминалдың қабылдау мүмкіндігі шектелген кезде Қазақстандағы мұнай өндіру көлемі де төмендеді. Шілденің бір кезеңінде елдің мұнай және газ конденсаты өндірісі тәулігіне 2,07 млн баррельден 1,63 млн баррельге дейін түсті. Теңіздегі өндіріс 925 мың баррельден 406 мың баррельге дейін азайды.

Тағы бір сарапшы Олжас Байділдиновтің бағалауынша, 2026 жылдың жеті айында мұнай өндірісінің төмендеуінен Қазақстан шамамен $3,2 млрд кірістен қағылуы мүмкін. Газ өндірісі мен мұнай-газ химиясындағы төмендеуді қоса есептегенде, ықтимал шығын $3,5 млрд-тан асуы мүмкін. Бұл соманың шамамен үштен бірі бюджетке түспей қалған салық түсімдеріне тиесілі болуы ықтимал.

Егер Қазақстанда қосымша ірі мұнай сақтау қуаты болғанда, өндірісті қысқартудан келген шығын осындай болар ма еді? Бұл сұраққа нақты жауап беру үшін арнайы есеп қажет. Бірақ биылғы жағдай сақтау қуаты мәселесін қайта күн тәртібіне шығарды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы Атырау облысына барған сапарында мұнай сақтау мәселесін көтерді. Ол кезде мемлекет басшысы мұнай өндіретін компаниялардың өнімін бірден экспортқа жіберуге мәжбүр болып отырғанын айтып, өңірде ірі мұнай қоймасын салу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

Осыдан кейін жоба зерттеле бастады. Бірақ бүгінге дейін Атырауда мұндай ірі стратегиялық қойма салынған жоқ. Неге? Бұл сұраққа ҚазМұнайГаздың түсіндірмесі бар.

«ҚазМұнайГаз» не дейді

Компанияның мәліметінше, Қазақстанның ірі мұнай жобаларының бір айлық өндірісін сақтайтын жүйе құру үшін шамамен 75 резервуар қажет болады. Әрқайсысының сыйымдылығы — 100 мың текше метр. Ал жобаның құны шамамен $7,5 млрд деп бағаланған.

Осы есептен кейін ҚМГ ірі стратегиялық қойма салудың орнына экспорт бағыттарын көбейту тиімді деген ұстанымға келген.

Кәсіпорын басшылығының тағы бір уәжі бар. Қазақстан — мұнайды сырттан сатып алатын мемлекет емес, мұнай экспорттаушы ел. Сондықтан мұнда мұнай қорын ұзақ уақыт сақтаудың қажеттілігі мұнай импорттаушы мемлекеттердегідей емес. ҚМГ қазір жаңа алып қойма салуға қаржы жұмсағанша, қолда бар резервуарларды пайдаланып, оларды кеңейтуді, сонымен бірге мұнайды басқа бағыттарға бұру мүмкіндігін арттыруды көздейді.

Компанияның мәліметінше, ҚазТрансОйл жүйесіндегі резервуарлардың жалпы сыйымдылығы шамамен 1,426 млн текше метр. Бұдан бөлек мұнай өңдеу зауыттары мен кен орындарындағы сақтау мүмкіндіктері бар.

Қойма болғанда не өзгерер еді

Экспорт бірнеше күнге тоқтаса, қосымша сақтау қуаты мұнайды бірден экспортқа шығару қысымын азайтып, оны уақытша жинауға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда өндірісті бірден қысқартудың қажеті болмауы мүмкін. Бірақ қойманың да шегі бар. Негізгі экспорт бағыты бірнеше апта немесе ай жұмыс істемесе, кез келген қойма ақырында толады.

Сондықтан стратегиялық қор КҚК-ны алмастырмайды. Ол тек экспорттағы уақытша үзіліс пен өндірісті қысқарту арасындағы аралықты ұзарта алады. Биыл Ресей Қазақстан мұнайының Дружба құбыры арқылы Германияға тасымалын тоқтатты. 2025 жылы Қазақстан осы бағытпен Германияға 2,146 млн тонна мұнай жеткізген. 2026 жылдың алғашқы үш айында тағы 730 мың тонна жөнелтілген. Сәуірде Ресей Қазақстанның Дружба арқылы Германияға мұнай жеткізуін 1 мамырдан тоқтататынын хабарлады. Қазақстан Энергетика министрлігі де мамыр айына бұл бағыт бойынша жөнелту жоспарланбағанын растады.

Бұл мұнай жеткізу инфрақұрылымының Қазақстан үшін тағы бір осал тұсын көрсетті. Қазақстан соңғы жылдары экспортты әртараптандыруға тырысып келеді.

Каспий арқылы Әзербайжанға, одан әрі Баку-Тбилиси-Джейхан бағытына мұнай жөнелтіледі. 2025 жылы осы маршрутпен шамамен 1,2 млн тонна қазақстандық мұнай тасымалданды. Бұл көлемді 2,2 млн тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. Қытай бағыты да жұмыс істейді. Атырау-Самара бағыты бар. Теміржол арқылы тасымал да жолға қойылған. Бірақ олардың ешқайсысы әзірге КҚК-ның орнын толық баса алмайды.

Сауд Арабиясы не істеп жатыр

Осы тұста Сауд Арабиясының тәжірибесі назар аудартады. Бұл ел де мұнай экспорттайды және әлемдегі ең ірі өндірушілердің бірі. Соған қарамастан Saudi Aramco мұнай сақтау қуатын кеңейту мүмкіндігін қарастырып отыр. Маусымда компания төрағасы Ясир әл-Румайян әлем бойынша, әсіресе Жапония мен Оңтүстік Кореядағы сақтау қуатын арттыру мәселесі қаралып жатқанын айтты.

Aramco-ның Жапониядағы қоймалары да аз емес. Окинавада 8 млн баррель мұнай сақтау мүмкіндігі бар. Кейін Кагосимада тағы 3 млн баррель сыйымдылық қосылды. Қазақстанның қазіргі ресми ұстанымына қарағанда, алып стратегиялық қойма салудан гөрі экспорт бағыттарын әртараптандыруға басымдық беріліп отыр.

ҚМГ мұнайды КҚК-дан басқа бағыттарға көбірек бұру мүмкіндігін кеңейтуді көздейді. Бұл ұстанымның логикасы түсінікті: мұнайды бірнеше бағытпен экспорттай алсақ, бір бағыттағы мәселе бүкіл жүйеге бірден әсер етпейді. Бірақ биылғы оқиғалар тағы бір сұрақ туғызды. Балама бағыттарды кеңейтуге уақыт керек болған жағдайда, сол уақыт ішінде өндірілген мұнай қайда сақталады?

Бұл сұраққа жауаптың бір бөлігі қолданыстағы резервуарларда жатыр. Бірақ олардың көлемі қанша күнге жететіні, қандай жағдайда жеткілікті болатыны және қандай көлемдегі жаңа сақтау қуаты экономикалық жағынан тиімді екені ашық айтылмайды. м

Сондықтан қазір мәселе «Қазақстанға міндетті түрде үлкен мұнай қоймасы керек пе?» дегеннен гөрі, «экспорттың негізгі бағыты уақытша тоқтаған жағдайда Қазақстан өндірісті қанша уақыт қысқартпай ұстап тұра алады?» деген сұраққа жақындап келеді.

Ал бұл сұраққа жауапты биылғы КҚК іркілістері, Дружбадағы өзгеріс және Қара теңіздегі шабуылдар бұрынғыдан да маңызды етіп отыр.

Бірақ биылғы оқиғалар тағы бір сұрақ туғызды. Балама бағыттарды кеңейтуге уақыт керек болған жағдайда сол уақыт ішінде өндірілген мұнай қайда сақталады? Бұл сұраққа жауаптың бір бөлігі қолданыстағы резервуарларда жатыр. Бірақ олардың көлемі қанша күнге жететіні, қандай жағдайда жеткілікті болатыны және қандай көлемдегі жаңа сақтау қуаты экономикалық жағынан тиімді екені ашық айтылмайды.

Сообщение Мұнай қоймасы: Қазақстан Сауд Арабиясының шешімінен қандай сабақ алуы керек появились сначала на Tizgin kz.

Ресей қазақ мұнайының экспорт бағытын өзгертпек: Қазақстан ұта ма, әлде ұтыла ма
Ресей тамыз айының соңынан бастап Қазақстанның Балтық теңізіндегі Усть-Луга порты арқылы жөнелтілетін мұнайын Новороссийскіге бағыттағалы отыр. Бұл – Қазақстанның мұнай экспортын тоқтату дегенді білдірмейді. Ресей өз аумағындағы теңізге шығатын нүктені уақытша ауыстырады. Осы шешімнің Мәскеуге берер пайдасы айқын, ал Қазақстан үшін тиімді тұсымен бірге тиімсіз жағы да көріне бастады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Мәскеу Қазақстан мұнайын неге Қара теңізге бұрып жатыр

Reuters агенттігінің нарықтағы төрт дереккөзге сүйеніп хабарлауынша, Мәскеу тамыздың соңынан кемі қыркүйек айының аяғына дейін Қазақстанның Ресей аумағы арқылы өтетін осы транзиттік көлемін түгелдей Новороссийскіге бағыттауды көздеп отыр. Усть-Луга портынан тамыздың соңында тиелуі тиіс қазақстандық KEBCO мұнайының кемі екі партиясы Новороссийскіге ауыстырылған. Қазіргі кесте бойынша қыркүйекте Усть-Лугадан KEBCO тиеу мүлде жоспарланбаған. Соның арқасында Ресей Балтық портында өз мұнайына тәулігіне шамамен 100 мың баррель қосымша орын босатады.

Яғни бұл шешімнің басты мақсаты – Қазақстан мұнайының қауіпсіздігін күшейту емес, Балтықтағы мұнай өткізу қуатын Ресей экспортына беру.

Қара теңіздегі шабуылдардан кейін кеме иелері Ресей мұнайын Новороссийскіден тасуға сақтықпен қарап, танкер жалдау қиындай түскен. Ал қазақстандық KEBCO мұнайы ресейлік Urals маркасымен салыстырғанда тәуекелі төмен жүк ретінде қабылданады. Reuters дерегінше, Украина да ресейлік емес мұнайды тасымалдайтын танкерлерге шабуыл жасамауға уәде берген. Осылайша Ресей өзінің мұнайын Балтық теңізі арқылы жөнелтіп, Қара теңіздегі күрделі бағытты Қазақстанның мұнайымен толтыруға тырысып отыр.

«ҚазТрансОйл» мәліметі бойынша, 2026 жылғы шілдеде Усть-Луга бағытына 286 мың тонна, Новороссийскіге 360 мың тонна қазақстандық мұнай жөнелтілген. Тағы 155 мың тонна Баку–Тбилиси–Жейхан құбырымен, 98 мың тонна Қытайға экспортталған.

Қазақстан ұта ма, әлде ұтыла ма

Біріншіден, бұл шешім Қазақстан мұнайының экспорты тоқтайды деген сөз емес. Мұнай бұрынғыдай Ресейдің құбыр жүйесіне беріледі, тек Балтық теңізінің орнына Қара теңіз жағалауынан танкерлерге тиеледі. «ҚазТрансОйл» мен «Транснефть» арасындағы 2026 жылға арналған келісімде екі порт та экспорт бағыты ретінде қарастырылған.

Қысқа мерзімде Новороссийск бағыты қазақстандық өндірушілерге коммерциялық тұрғыдан тиімді болуы мүмкін. Reuters дереккөздері мұнай өндірушілердің бұл өзгерісті қолдап отырғанын айтады. KEBCO мұнайының негізгі бөлігі Жерорта теңізі маңындағы кәсіпорындарға және «ҚазМұнайГаздың» Еуропадағы мұнай өңдеу зауыттарына жеткізіледі. Географиялық тұрғыдан Новороссийск бұл нарықтарға жақынырақ болғандықтан, теңізбен тасымалдау шығыны төмендеуі ықтимал.

Бірақ басты тәуекел де осы тұста басталады. Қазақстан мұнайының бірнеше ағыны Қара теңіз жағалауында шоғырлана түседі. Оның үстіне Новороссийск қауіпсіз бағыт емес. 14 тамыздағы дрон шабуылынан кейін «Шесхарис» терминалы мұнай тиеуді және шикізат қабылдауды уақытша тоқтатты. Жұмыс тек екі күннен кейін қалпына келіп, алғашқы танкерлердің бірі қазақстандық KEBCO мұнайын тиеген. Терминал тәулігіне шамамен 700 мың баррель мұнай өткізе алады, алайда шабуыл қаупі мен танкер тапшылығы кестенің бұзылуына әкелуі мүмкін. Reuters Новороссийскідегі осындай осалдықтың күшейгенін бұған дейін де жазған.

Мұнда тағы бір маңызды жайт бар: Новороссийскіге ауыстырылатын KEBCO көлемін Қазақстанның бүкіл мұнай экспортымен шатастырмау керек. Ел экспортының шамамен 80 пайызы Каспий құбыр консорциумы арқылы өтеді. КҚК-ның теңіз терминалы да Новороссийск маңында орналасқанымен, ол «Шесхаристен» бөлек инфрақұрылым. Демек қазіргі шешім КҚК арқылы жөнелтілетін негізгі көлемнің бағытын өзгертпейді.

Соған қарамастан, Қара теңіздегі жағдай нашарласа, Қазақстан бұрын қосалқы бағыт ретінде пайдаланған Усть-Лугаға жедел орала алмауы мүмкін. Порттардағы жұмыс кідіріп, резервуарлар толған жағдайда құбырлар мұнай қабылдауды шектейді. Мұндай үзіліс ұзаққа созылса, қазақстандық кен орындары өндірісті азайтуға мәжбүр болуы ықтимал. Әзірге шешімнен Қазақстан бюджетіне немесе мұнай өндірісіне тікелей шығын келгені туралы мәлімет жоқ. Тасымал кестесі бұзылмаса, экспорт көлемі сақталып, өндірушілердің логистикалық табыстылығы тіпті артуы мүмкін. Негізгі қауіп – Қазақстан мұнайының соғыс тәуекелі жоғары Қара теңіз инфрақұрылымына бұрынғыдан да көбірек тәуелді бола түсуі.

Reuters материалы жарияланған кезде Қазақстан мен Ресейдің энергетика министрліктері бұл ақпаратқа ресми түсініктеме берген жоқ. Сондықтан әзірге әңгіме үкіметаралық ресми мәлімдеме емес, мұнай тиеу кестелері мен нарықтағы дереккөздер растаған өзгеріс туралы болып отыр.

Сообщение Ресей қазақ мұнайының экспорт бағытын өзгертпек: Қазақстан ұта ма, әлде ұтыла ма появились сначала на Tizgin kz.

Қазақстанның Түркияға экспорты бір жылда екі есеге жуық өсті
Қазақстанның экспорт географиясы кеңейіп, бірқатар негізгі нарыққа тауар жеткізу көлемі айтарлықтай артты. 2026 жылдың алғашқы жартысында әсіресе Түркия, Франция және Өзбекстан бағытында жоғары өсім тіркелді, деп хабарлайды Tizgin.kz Сауда және интеграция министрлігінің мәліметіне сілтеме жасап.

Түркияға экспорт 94%-дан астам өсті

Биылғы қаңтар–маусым қорытындысы бойынша Қазақстанның Түркияға экспорты бір жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда 94,3%-ға артқан. Осылайша, бір жылдың ішінде бұл елге жеткізілетін қазақстандық тауар көлемі екі есеге жуық көбейді.

Түркия қазір Қазақстанның ірі экспорт нарықтарының бірі саналады. Алғашқы жартыжылдықта бұл елге жөнелтілген тауарлардың жалпы құны 3,23 млрд долларға жеткен.

Бұдан бөлек, Францияға экспорт 45,2%-ға, Өзбекстанға 39,5%-ға өсті. Германия бағытындағы өсім шамамен 10%-ды құрады.

Дегенмен Қазақстан тауарларын ең көп сатып алатын ел – Қытай. Алты айда Қытайға шамамен 7,51 млрд доллардың өнімі экспортталған. Бұл Қазақстанның жалпы экспортының 18,6%-ына тең.

Ірі экспорт нарықтарының қатарында Италия да бар. Бұл елге жеткізілген тауар көлемі 6,98 млрд долларды құрады. Одан кейін Ресей – 3,49 млрд доллар, Түркия – 3,23 млрд доллар, Нидерланд – 2,6 млрд доллар, Франция – 2,32 млрд доллар және Өзбекстан – 2,14 млрд доллар көрсеткішімен тұр.

Осылайша, қазақстандық тауарлардың негізгі ағыны бір ғана нарыққа тәуелді емес. Экспорт Қытаймен қатар Еуропа елдеріне, Ресейге, Түркияға және Орталық Азия мемлекеттеріне бағытталып отыр.

Экспорт өсімін мұнай ғана қамтамасыз етіп отырған жоқ

Қазақстан экспортының тауарлық құрылымында да өзгеріс байқалады. Мұнай мен мұнай өнімдері бұрынғыдай экспорттың елеулі бөлігін құрағанымен, металдар мен кен өнімдерін сыртқы нарыққа шығару көлемі де артып келеді.

Мәселен, мыс және одан жасалған бұйымдар экспорты шамамен 58%-ға өсіп, 1,8 млрд доллардан 2,84 млрд долларға жетті.

Мыс кендері мен концентраттарының экспорты да 43%-ға жуық ұлғайған. Бір жыл бұрынғы 1,44 млрд долларлық көрсеткіш биыл 2,05 млрд долларға дейін өсті. Металлургия және тау-кен өнеркәсібінің басқа да бірқатар тауарлары бойынша өсім тіркелген.

Орталық Азия нарығында да Қазақстанның позициясы күшейіп келеді. Соның ішінде Өзбекстанға тауар жеткізілімінің шамамен 40%-ға артуы екі ел арасындағы сауданың қарқын алғанын көрсетеді.

Ал Түркияға экспорттың 94,3%-ға өсуі алғашқы жартыжылдықтағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болды.

Сауда және интеграция министрлігінің деректері Қазақстан экспортында бір мезгілде бірнеше үрдіс қалыптасып келе жатқанын көрсетеді: жекелеген ірі нарықтарға жеткізілім артып, экспорт географиясы кеңеюде. Сонымен бірге сыртқа шығарылатын тауарлар құрылымында мұнаймен қатар металлургия және тау-кен өнеркәсібі өнімдерінің үлесі де ұлғайып келеді.

Сообщение Қазақстанның Түркияға экспорты бір жылда екі есеге жуық өсті появились сначала на Tizgin kz.

Тауар импорты мен экспортына рұқсат беру тәртібі енгізілетін болды
Сауда, өнеркәсіп, цифрландыру, қаржы және көлік министрлері бірлескен бұйрық негізінде «Қазақстан Республикасының аумағында жекелеген тауар түрлерін экспорттауға және импортттауға рұқсат беру» бойынша пилоттық жобаны іске қосты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Құжатта не делінген

Құжатта мемлекет аумағында «Жекелеген тауар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағында экспорттауға және импорттауға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша пилоттық жобаны іске қосу туралы жазылған.

Сондай-ақ қосымша құжатта Қазақстан аумағынан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) қатысушы елдер аумағына жекелеген тауар түрлерін әкетуге рұқсат беру қағидалары көрсетілген. Бұған қоса, Қазақстанға ойын автоматтарын әкелуге де рұқсат беру тәртібі енгізіледі.

Лицензия кімдерге беріледі

Мұндай рұқсатты казино мен ойын автоматтары залы қызметіне лицензиясы бар заңды тұлғалар алады. Рұқсат электронды түрде рәсімделіп, «КЕДЕН» цифрлық жүйесінде көрсетіледі.

Ел аумағынан ТМД-ға қатысушы мемлекеттер аумағына жекелеген өнеркәсіптік тауар түрлерін, сондай-ақ телекоммуникациялық және компьютерлік жабдықтардың, олардың бөлшектері мен материалдарының жекелеген түрлерін, авиация өнеркәсібінің жекелеген тауар түрлерін әкету рұқсат болған жағдайда, яғни рұқсат беру тәртібі негізінде жүзеге асырылады.

Рұқсат электронды түрде беріледі

Дей тұрғанмен олардың қолданылу мерзімі осы жылы 31 желтоқсаннан кешікпеуге тиіс.

Сондай-ақ рұқсаттар электронды түрде беріледі, өтініштер «цифрлық үкімет» веб-порталы арқылы қабылданады. Рұқсат беру мерзімі – 5 жұмыс күні.

Экспортқа берілген рұқсаттың қолданылу мерзімі тиісті күнтізбелік жылмен шектеледі. Рұқсат алған тұлғалар оның мерзімі аяқталған соң 15 күнтізбелік күн ішінде рұқсаттың орындалуы туралы ақпарат ұсынулары тиіс.

Аталған бұйрық 2026 жылғы 23 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі. Толық ақпаратты сілтемеге өтіп, оқуға болады.

Сообщение Тауар импорты мен экспортына рұқсат беру тәртібі енгізілетін болды появились сначала на Tizgin kz.

Ресейге қарсы санкциялар Қазақстан көмірінің экспорт географиясын қалай өзгертті
2022 жылы Еуроодақ Ресей көміріне эмбарго енгізгеннен кейін әлемдік көмір нарығында қайта бөліну басталды. Ресейдің дәстүрлі жеткізу бағыттарының бір бөлігі босап, жаңа жеткізушілер үшін мүмкіндік пайда болды. Қазақстан сол мүмкіндікті қаншалықты пайдалана алды? 2021-2025 жылдардағы сыртқы сауда статистикасы бұл кезеңде қазақстандық тас көмір экспорты көлем жағынан айтарлықтай өскенін ғана емес, оның географиясы түбегейлі өзгергенін көрсетеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

2021 жылы Қазақстан 5,73 млн тонна тас көмір экспорттаса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 10,24 млн тоннаға жетті. Яғни төрт жылдың ішінде экспорт көлемі шамамен 79% артқан. Алайда экспорттан түскен табыс дәл осындай қарқынмен өспеді. 2021 жылы көмір экспорты 156,7 млн доллар әкелсе, 2023 жылы көлем 7,12 млн тоннаға дейін өсіп, түсім 277,1 млн долларға жеткен. Бірақ кейін әлемдік бағаның төмендеуі салдарынан 2024 жылы экспорт көлемі 7,87 млн тоннаға дейін артқанына қарамастан табыс 219,7 млн долларға дейін азайды. 2025 жылы экспорт тарихи рекорд – 10,24 млн тоннаға жеткенімен, түсім небәрі 218,9 млн доллар болды. Яғни Қазақстан бұрынғыдан әлдеқайда көп көмір сатты, бірақ әр тоннадан түсетін кіріс айтарлықтай төмендеді.

Экспорт географиясы

2021 жылы Қазақстан көмірінің негізгі бағыты Швейцария болды. Бұл елге 4,35 млн тонна көмір экспортталған. Екінші орында 782,9 мың тоннамен Украина тұрды. Кейін Өзбекстан (207,9 мың тонна), Ұлыбритания (142 мың тонна), Қытай (86,1 мың тонна), Түркия (63,5 мың тонна) және Польша (60,8 мың тонна орналасты.

Инфокесте: AI/Tizgin.kz

Алайда 2022 жылдан кейін бұл құрылым түбегейлі өзгерді. Украинаға экспорт бірден 782,9 мың тоннадан 89,4 мың тоннаға дейін құлап, келесі жылы мүлде тоқтады. Ал Швейцарияға жөнелтілетін көлем 4,35 млн тоннадан 2,44 млн тоннаға дейін қысқарып, 2023 жылы небәрі 29,9 мың тонна ғана болды. Осылайша бұрынғы екі негізгі бағыт іс жүзінде экспорт картасынан жоғалды.

Олардың орнын жаңа нарықтар басты. Ең әсерлі өсім Польшада байқалды. Егер 2021 жылы бұл елге небәрі 60,8 мың тонна көмір экспортталса, 2025 жылы көлем 3,23 млн тоннаға жетті. Яғни төрт жылда экспорт 53 еседен астам ұлғайған. Польша Қазақстан көмірінің ең ірі сатып алушысына айналды.

Латвия да қысқа мерзімде маңызды транзиттік бағытқа айналды. 2021 жылы бұл елге экспорт мүлде болмаған. Ал 2022 жылы 778,9 мың тонна, 2023 жылы 2,02 млн тонна көмір жөнелтілді. Кейін көлем біршама төмендегенімен, Латвия Қазақстан экспортының маңызды бағыттарының бірі болып қалды.

Азия нарығында да айқын өсім байқалады. Түркияға экспорт 63,5 мың тоннадан 1,45 млн тоннаға дейін көбейсе, Қытайға жөнелтілім 86 мың тоннадан 1,02 млн тоннаға жетті. Үндістан 7 мың тоннадан 1,29 млн тоннаға дейін өсіп, Қазақстан көмірінің негізгі сатып алушыларының біріне айналды.

Сонымен бірге жаңа бағыттар пайда болды. 2023 жылдан бастап Израиль, Марокко және Италия қазақстандық көмірді сатып ала бастады. 2024 жылы бұл қатарға Малайзия қосылса, 2025 жылы оның импорты бірден 1,13 млн тоннаға жетті. Сондай-ақ Тайвань мен Бразилия да жаңа экспорт нарықтары ретінде көріне бастады.

Экспорт артқанмен табысы мәз емес

Дегенмен барлық бағыт бірдей өсім көрсеткен жоқ. Өзбекстанға экспорт 2024 жылы 824 мың тоннаға дейін жеткенімен, 2025 жылы 645 мың тоннаға дейін қысқарды. Марокко мен Израильге жөнелтілетін көлем де 2025 жылы едәуір төмендеген. Бұл санкциялардан кейін қалыптасқан жаңа логистикалық бағыттардың әлі де тұрақсыз екенін көрсетеді.

Инфокесте: AI/Tizgin.kz

Жалпы алғанда, бес жылдық статистика Қазақстанның Ресей көмірінің орнын толық басты деуге негіз бермейді. Бірақ санкциялар қазақстандық экспорттың географиясын түбегейлі өзгертті. Егер 2021 жылы негізгі экспорт бірнеше елге ғана тәуелді болса, бүгінде көмір Еуропаға да, Таяу Шығысқа да, Оңтүстік және Шығыс Азияға да кеңірек тарай бастады. Сонымен бірге экспорт көлемі рекордтық деңгейге жеткенімен, әлемдік бағаның төмендеуі салдарынан бұл өсім экспорттық түсімнің дәл сондай қарқынмен артуына алып келген жоқ. Басқаша айтқанда, Қазақстан бұрынғыдан көбірек көмір сатып жатыр, бірақ одан бұрынғыдай көп табыс тауып отырған жоқ.

Сообщение Ресейге қарсы санкциялар Қазақстан көмірінің экспорт географиясын қалай өзгертті появились сначала на Tizgin kz.