Жаңалықтар

Тауар импорты мен экспортына рұқсат беру тәртібі енгізілетін болды

Сауда, өнеркәсіп, цифрландыру, қаржы және көлік министрлері бірлескен бұйрық негізінде «Қазақстан Республикасының аумағында жекелеген тауар түрлерін экспорттауға және импортттауға рұқсат беру» бойынша пилоттық жобаны іске қосты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Құжатта не делінген

Құжатта мемлекет аумағында «Жекелеген тауар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағында экспорттауға және импорттауға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша пилоттық жобаны іске қосу туралы жазылған.

Сондай-ақ қосымша құжатта Қазақстан аумағынан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) қатысушы елдер аумағына жекелеген тауар түрлерін әкетуге рұқсат беру қағидалары көрсетілген. Бұған қоса, Қазақстанға ойын автоматтарын әкелуге де рұқсат беру тәртібі енгізіледі.

Лицензия кімдерге беріледі

Мұндай рұқсатты казино мен ойын автоматтары залы қызметіне лицензиясы бар заңды тұлғалар алады. Рұқсат электронды түрде рәсімделіп, «КЕДЕН» цифрлық жүйесінде көрсетіледі.

Ел аумағынан ТМД-ға қатысушы мемлекеттер аумағына жекелеген өнеркәсіптік тауар түрлерін, сондай-ақ телекоммуникациялық және компьютерлік жабдықтардың, олардың бөлшектері мен материалдарының жекелеген түрлерін, авиация өнеркәсібінің жекелеген тауар түрлерін әкету рұқсат болған жағдайда, яғни рұқсат беру тәртібі негізінде жүзеге асырылады.

Рұқсат электронды түрде беріледі

Дей тұрғанмен олардың қолданылу мерзімі осы жылы 31 желтоқсаннан кешікпеуге тиіс.

Сондай-ақ рұқсаттар электронды түрде беріледі, өтініштер «цифрлық үкімет» веб-порталы арқылы қабылданады. Рұқсат беру мерзімі – 5 жұмыс күні.

Экспортқа берілген рұқсаттың қолданылу мерзімі тиісті күнтізбелік жылмен шектеледі. Рұқсат алған тұлғалар оның мерзімі аяқталған соң 15 күнтізбелік күн ішінде рұқсаттың орындалуы туралы ақпарат ұсынулары тиіс.

Аталған бұйрық 2026 жылғы 23 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі. Толық ақпаратты сілтемеге өтіп, оқуға болады.

Back to top button