$ 441.88 € 503.61 ₽ 5.24
ЖаңалықтарҚоғам

Қазақстанның дәрісі алғаш рет Еуроодақ нарығына шығады

Шымкенттегі «Химфарм» зауытында әзірленген SIGLETIC 100 мг №28 препаратының 7841 қаптамасы Болгарияға жөнелтілді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Дәрінің құрамы

Аталған дәрі құрамында ситаглиптин бар. Ол екінші типтегі қант диабетімен ауыратын ересектердегі қандағы глюкоза деңгейін бақылауға қолданылады. Өнімді «Химфарм» АҚ өндірген. Кәсіпорын халықаралық Polpharma Group құрамында және дәрілері SANTO сауда белгісімен шығады.

Өндірісті жаңғыртып, халықаралық талаптарға сәйкестендіруі компанияның Еуропа нарығына шығуына  мүмкіндік берген. Өткен жылы еуропалық реттеуші органдар жүргізген инспекциядан кейін «Химфарм» Еуропалық Одақтың GMP талаптарына сәйкестік сертификатын алды.

«Экспорттық мүмкіндіктерге жол ашады»

Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков, кәсіпорын басшылығы мен қызметкерлері алғашқы партияны Болгарияға жөнелту рәсіміне қатысты.

«Отандық дәрі алғаш рет Еуропалық Одақ нарығына шықты. Бұл елдегі өндірістің халықаралық талаптарға сәйкес келетінін көрсетіп, экспорттық мүмкіндіктерге жаңа жол ашады», – деді Сыздықбеков.

Кәсіпорын тарихы

Айта кетейік, «Химфарм» кәсіпорнының тарихы 1882 жылдан басталады. 2011 жылы Polpharma Group құрамына енген. Қазір зауытта ұзын-сары 967 адам еңбек етіп жатыр. Кәсіпорын жылына 1 млрд данаға жуық қатты дәрілік препарат өндіре алады.

Back to top button