Без рубрики

Табысы азайған Air Astana Питер Фостерге 700 млн теңгеге жуық сыйақы төлеген

Air Astana әуе компаниясы өткен жылы бас атқарушы директор болған Питер Фостерге 691,4 млн теңгеге жуық сыйақы төледі, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Сыйақысы 30 пайызға өсті

Аталған мәлімет әуе компаниясының қаржы есептілігі депозитарийіне жолдаған хабарламасында жазылған.

Мәлім болғандай, Фостердің былтыр алған сыйақысы бір жылда 30 пайызға өсті. Нақты айтсақ, 2025 жылы әуе компаниясы басшысына 525,34 млн теңге төледі.

Әуе компаниясын 2005 жылдан бері басқарған Питер Фостер 2026 жылдың наурызында қызметінен кетіп, сәуірде Қазақстаннан біржола көшті. 1 сәуірден Air Astana бас атқарушы директоры қызметіне түрік азаматы Ибрагим Жанлыел кіріскен.

Air Astana-ның таза табысы қанша

Air Astana тобының 2025 жылғы таза пайдасы 72,5%-ға қысқарып, 13,6 млн АҚШ долларын құрады.

Таза пайданың азаюына Pratt & Whitney қозғалтқыштарына қатысты туындаған техникалық қиындықтар мен соған байланысты жоспардан тыс жөндеу жұмыстары себеп болған.

Back to top button