Жаңалықтар
Сот Оразалы Ержановты үйқамаққа ауыстырды
Сот белсенді Оразалы Ержановқа белгіленген бұлтартпау шарасын қамауда ұстаудан үйқамаққа ауыстырды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Бұл туралы журналист Вадим Борейко хабарлады. Бұған дейін сот Ержановты екі айға қамауға алу туралы шешім шығарған еді.
Қоғам белсендісі ақпан айында әлеуметтік желілердегі жарияланымдарынан кейін ұсталған. Алматы полициясы интернеттен «жалған ақпарат пен референдумды бойкоттауға шақырулар бар материалдарды» анықтағанын мәлімдеген.
Осы дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталған.
Референдум болмай тұрып, Оразалы Ержанов жаңа Конституция жобасын сынап, бірнеше рет әртүрлі БАҚ-қа сұхбат берген болатын.