«Сіздер үшін күресемін»: Аша Матай Құрылтайдан бас тартпайтынын мәлімдеді
Құрылтай депутаттығына үміткер Ақбота Асқарбекова (Аша Матай) өзі жайлы тараған, нақтырақ айтқанда “Аша Матай Құрылтай үміткерлігінен бас тартыпты” деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Әнші не дейді
“Мені құрылтайлықтан бас тартыпты деп кейбіреулер жалған ақпарат таратыпты. Әрине бұл мәселе тапсырыспен болып жатыр. Мен Құрылтайға үміткермін. Депутат болам деп өзіме сенем. Маған сенген адамдар, оқырмандарым мен тыңдармандапым мұң-мұқтаждарыңызды маған айтыңыздар. Жазыңыздар, сенім артып қолдаңыздар. Сіздердің маған артқан жүктеріңізді Құрылтайға арқалап барамын. Сіздер үшін күресемін. Сынбаймын, жігерім мен мінезім жетеді. Құдай қолдасын, ағайындар”, – дейді Ақбота Асқарбекова.
Бұған дейін желіде Ақбота Асқарбекова “Құрылтайға үміткерліктен бас тартты” деген ақпарат шыққан болатын.
Болмай қалған дебат
Бұған дейін белгілі заңгер Мейірман Шекеев “өз тағдырымызды солардың қолына ұстатайын деп отырмыз” деп пікір білдіріп, Аша Матайды дебатқа шақырған еді. Заңгер елдегі заңдардың біршамасымен келіспей, оларды қисық деп атады. Сол құжаттарды түзеу енді әншілердің міндетіне жүктелгелі отырғанымен заңгер келіспейді.
Алайда әнші “тәрбием жібермейді” деп дебатқа шығудан бас тартқан.