$ 451.05 € 504.95 ₽ 5.60 ¥ 67.62 £ 603.05 ₺ 9.07
⛅ +2° Сезіледі -1° Жел 2 м/с Ылғалдылық 95%
TOP-1Жаңалықтар

“Сіздер жақсы білетін адам”: Тоқаев вице-президент кім болатынын тұспалдап айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында отандық және шетелдік БАҚөкілдерімен өткен брифингте 10 күн ішінде елімізде вице-президент тағайындалатынын айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

“Бұл лауазым өте қажет деп айтсақ, қателеспейміз. Себебі қазіргі бұлыңғыр заманда мұндай лауазым еліміз үшін өте керек деп ойлаймын. Енді келесі аптада, я болмаса он күн ішінде… «Вице-президент кім болады?» деп бәрі сұрап жатыр. Мен қазір анық айта алмаймын. Дегенмен белгілі адам, сіздер жақсы білетін адам болады деп ойлаймын”, – деп жауап берді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Вице-президентті Құрылтайдың келісімімен президент тағайындайды.

Back to top button