$ 451.05 € 504.95 ₽ 5.60 ¥ 67.62 £ 603.05 ₺ 9.07
☁ +4° Сезіледі +2° Жел 1 м/с Ылғалдылық 91%
TOP-2Тергеу

Атырау тергеу изоляторындағы тұтқындардың наразылығынан соң іс қозғалды

Атыраудағы тергеу изоляторында болған тұтқындардың наразылығынан кейін топ болып тәртіпке бағынбау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Сотталғандар бейнебақылау камераларын жапқан

Комитеттің мәліметінше, ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін жаза өтеп жатқан бес сотталушы мекемеде белгіленген ұстау режиміне келіспей, құқыққа қайшы әрекеттерге барған.

Олар бейнебақылау камераларын жауып, өздеріне дене жарақатын салуға әрекеттенген. Оқиға орнында сотталғандардың өздеріне жеңіл зақым келтіргені тіркелді.

Сотталғандардың жағдайы тұрақты

Оқиға болған бойда жедел жәрдем бригадасы шақырылған. Комитеттің хабарлауынша, сотталғандарды ауруханаға жатқызу қажет болмаған, қазір олардың денсаулық жағдайы тұрақты.

«Мекемедегі жағдай тұрақты. Тәулік бойы бейнебақылау қамтамасыз етілген, тергеу изоляторы штаттық режимде жұмыс істеп тұр», – деп хабарлады комитет.

Бұған дейін Атырау тергеу изоляторындағы оқиға туралы⁠ хабарланған болатын. 23 қазанда Атыраудағы тергеу изоляторында қамаудағылардың ұстау жағдайына наразылық білдірген. Кейбір қамаудағылар өзіне жарақат салып, бірнеше адамға медициналық көмек қажет болғаны айтылған.

Back to top button