$ 451.05 € 504.95 ₽ 5.60 ¥ 67.62 £ 603.05 ₺ 9.07
⛅ +3° Сезіледі 0° Жел 2 м/с Ылғалдылық 93%
Жаңалықтар

Адам ұрлаған ба: Қарақия ауданының әкімі ұсталды

Ақтауда Қарақия ауданының әкімі Жансейіт Қайнарбаев ұсталды деген ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Lada.kz шенеунік уақытша ұстау изоляторына қамаған болуы мүмкін деп хабар таратты. Алайда ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Журналист Михаил Козачковтың Telegram-арнасында Қайнарбаевқа қатысты адам ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқаны туралы хабарлама жарияланған. Онда оқиғаға облыстық жекпе-жек өнерлері қауымдастығының директоры да қатысы болуы мүмкін екені айтылған.

Аноним дереккөзге сілтеме жасалған хабарламада Ақтауда Қайнарбаев пен таныстарының бірі арасында кездесу өтіп, кейін жанжал туындағаны жазылған. Жарияланған мәліметке сәйкес, ер адам кетпек болғанда оны «Lexus 600» көлігінде күштеп ұстап отырған-мыс. Кейін оны қала сыртына алып шығуға әрекет жасалғаны, алайда жолда сегіз адамнан тұратын топты жергілікті ҰҚКД қызметкерлері тоқтатқандығы айтылған.

Бұл — әлеуметтік желіде тараған, әзірге ресми органдар растаған жоқ мәлімет. Lada.kz дерегінше, құқық қорғау органдары оқиғаға қатысты түсініктеме бермеген.

Жансейт Қайнарбаев қыркүйекте аудан әкімі болып тағайындалған

Жансейт Қайнарбаев 2024 жылғы ақпаннан 2026 жылғы қыркүйекке дейін Жаңаөзен қаласының әкімі болған. Қыркүйектің соңында ол Қарақия ауданының әкімі қызметіне тағайындалды.

Қайнарбаевтың ұсталғаны, оған қандай да бір күдік тағылғаны немесе істің мән-жайы туралы ресми мәлімет жарияланған жоқ.

Back to top button