$ 451.05 € 504.95 ₽ 5.60 ¥ 67.62 £ 603.05 ₺ 9.07
☁ +4° Сезіледі +2° Жел 1 м/с Ылғалдылық 91%
TOP-2Тергеу

«Шындықты білуге қақымыз бар»: Қызылордада әпкесі бауырының өлімін әділ тергеуді талап етті

Қызылордада ағасының өліміне қатысты тергеу толық жүргізілмей жатыр деп есептейтін Анастасия есімді азамат Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі мен полицияға үндеу жасады. Ол әлеуметтік желідегі жазбасында шабуылға 12 адамның қатысы болуы мүмкін екенін, алайда қазір үшеуі ғана ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Бойжеткеннің айтуынша, ағасын бір топ адам болып ұрып-соққан, соққы жүрек тұсына тиген. Ол тергеу шабуылға қатысушылардың санына қатысты куәгерлер сөзін толық ескермеуі мүмкін деп алаңдайды.

«Мен бұл жазбаны көзіме жас алып, сөзбен жеткізу мүмкін емес ауыр күйде жазып отырмын. Туған інімді өлтіріп кетті. Оның өмірі қатыгездікпен үзілді, ал отбасымыз осы ауыр қазаға әлі де көндіге алмай отыр. Біздің қолымыздағы мәлімет бойынша, шабуылға 12 адам қатысқан», – дейді ол.

Анастасияның жазуынша, қазір үш адам ұсталған. Оның сөзінше, тергеу ағасын тек осы үшеуі ұрған деген нұсқаны қарастырып жатыр, ал куәгерлер шабуылға 12 адам қатысқанын айтқан.

«Інімді топ болып ұрған, соққы жүрек тұсына тиген. Куәгерлер қатысушылар саны бұдан көп болғанын айтса, тергеу неге тек үш күдіктімен шектеліп отыр?» – дейді ол.

Тергеуді жан-жақты тексеруге шақырды

Анастасия Бас прокуратурадан, Ішкі істер министрлігінен және полициядан істі ерекше бақылауға алуды сұраған.

«Інім енді ешқашан оралмайды. Ешқандай жаза оны бізге қайтармайды, жан жарамызды жазбайды әрі орнын толтыра алмайды. Бірақ жақын адамымызға не болғанын білуге құқылымыз. Мен кек іздеп отырған жоқпын», – дейді Анастасия.

Анастасия журналистер мен блогерлерден оқиғаны көпшілікке жеткізуге көмектесуді өтінген. Оның айтуынша, отбасы болған жағдайдың ақиқаты анықталып, істің әрбір қатысушысының әрекетіне құқықтық баға берілуін қалайды.

Tizgin.kz Қызылорда облыстық полиция департаментіне осы оқиға бойынша ақпарат сұратты. Департаиенттің баспасөз қызметі ресми мәлімет дайын болған жіберетінін хабарлады.

Back to top button