$ 451.05 € 504.95 ₽ 5.60 ¥ 67.62 £ 603.05 ₺ 9.07
☁ +4° Сезіледі +1° Жел 2 м/с Ылғалдылық 96%
TOP-2Тергеу

Исматулла Мақсұм жайлы тараған деректерден соң ІІМ тергеу бастады

YouTube-арналарда бұған дейін Қазақстандағы «сопылық» бағыттағы зікіршілер жамағатының жетекшісі, діни тұлға Исматулла Мақсұмның “жасөспірімдерге зорлық жасағаны” жайлы сұхбаттар шыққан еді. Ішкі істер министрлігі осы деректерден кейін сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады, деп жазады Tizgin.kz.

“Жарияланымдағы деректерге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның аясында барлық мән-жайлар тексерілетін болады. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды”, – делінген ІІМ жауабында.

Әңгіме неден шықты

Қоғамда бұл талқы жақында Ақылбек Жұмабеков есімді азаматтың “Қазақстандағы «сопылық» бағыттағы зікіршілер жамағатының жетекшісі, діни тұлға Исматулла Мақсұмның жасөспірімдерге жыныстық сипатта қысым көрсеткенін” мәлімдегенінен басталған еді. Бұл туралы ол журналист Жанар Байсемізге берген сұқбатында айтқан. Оның сөзінше, жамағат ішіндегі бұл жағдайлар бұған дейін де белгілі болғанымен, көбі ашық айтудан тартынған. Мұндай әңгіме алдында белсенді Абзал Достияровқа сұхбат бергендердің де аузымен айтылған.

Осыдан кейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) арнайы мәлімдеме жасап, аталған тұлғалардың ресми діни ведомствоға ешқандай қатысы жоқ екенін жария еткен еді.

Back to top button