$ 451.05 € 504.95 ₽ 5.60 ¥ 67.62 £ 603.05 ₺ 9.07
⛅ +3° Сезіледі 0° Жел 2 м/с Ылғалдылық 93%
Жаңалықтар

Шымкентте егістік алқабын өртеген екі адам жауапқа тартылды

Шымкентте Тұран ауданына қарасты Ақжар шағынауданындағы алқапта өрт шығып, мәселенің мән-жайын анықтау үшін дрон қолданылды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Қалдықтарды әдейі өртеген

Өрт аумағы 0,6 гектарды қамтыған. Жедел тексеру барысында егістік алқабында жиналған жүгері қалдықтарының өртенгені анықталды. Өрттің шығу себебін анықтау үшін мамандар қала аумағында құқық бұзушылықтарды анықтауға арналған дрон қолданды.

Әуеден бақылау кезінде екі азамат көзге түскен. Тексеру нәтижесінде олардың жер телімін тазарту мақсатында егістікте қалған өсімдік қалдықтарын әдейі өртегені белгілі болды.

Қандай шара қолданылды

Осы әрекеттерімен олар өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзды. Оқиға бойынша тексеру жүргізіліп, азаматтардан түсініктеме алынды. Нәтижесінде екеуіне де әкімшілік шара қолданылды.

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, қалада түрлі құқық бұзушылықты жедел анықтап, олардың алдын алу мақсатында 16 дрон қолданылады. Бұл құрылғылар заңбұзушылықтарды дер кезінде тіркеп, тиісті қызметтерге ақпарат беруге мүмкіндік береді.

Back to top button