Жаңалықтар

Сатыбалды қатысқан шарадан кейін колледж басшысы жұмыстан босатылды

Қайрат Сатыбалдының Алматыдағы Бауыржан Момышұлы атындағы әскери колледждің шарасына қатысуы дауға ұласты. Оқиғадан кейін колледждің басшысы қызметінен босатылған. Бұл туралы мәжіліс кулуарында Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

 Оның айтуынша, Қайрат Сатыбалды колледждің 40 жылдығына оқу орнының бұрынғы түлегі ретінде ғана қатысқан.

«Ол колледждің түлегі болғандықтан шақырылған. Түлектер ұйымдастырған іс-шара. “Студенттерге лекция оқыды” деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», – деді журналистердің сұрағына жуап берген Ахмедиев.

Сондай-ақ ол әскери колледж басшылығының жауапкершілікке тартылғаны туралы сұрағанда, министрдің орынбасары қысқа ғана:

«Егер қателеспесем, қызметтен босатты», – деп жауап берді.

Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Сатыбалды иелік еткен “Байсат” базары аукционда тағы өтпей қалғанын жазған едік.

Back to top button