TOP-2Жаңалықтар

Санжар Боқаев ұсталды

Бас прокуратура қоғам белсендісі Санжар Боқаев ұсталғанын мәлімдеді. 

ҚҰЗЫРЛЫ ОРГАННЫҢ МӘЛІМЕТІ

Бас прокуратура бүгін, қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттерін жүргізу аясында Алматы қаласының аумағында ҚР ҚПК-нің 128–131-баптарының тәртібімен Санжар Боқаев ұсталғанын хабарлайды.

“С. Боқаев жалған ақпарат тарату және қоғамда теріс пікір қалыптастыру мақсатында әлеуметтік желілерде жекелеген тұлғалардың қоғамдық саябақ аумағында ағаштарды заңсыз кесуі және құрылыс нысандарынан мүлік ұрлауы туралы бейнематериалдарды орналастырды деген күдікке ілінді. Тергеу деректеріне сәйкес, С. Боқаев аталған қылмыстарды ұйымдастырып, қаржыландырған. Ол үшін табысы төмен адамдарды тартып, оларға ақшалай сыйақы беру арқылы ағаш кесу мен ұрлық жасауға тапсырма берген. Сондай-ақ, ол аса ірі мөлшерде қаржы қаражатын алаяқтық жолмен жымқырды деген күдікке ілініп отыр”, – делінген хабарламада.

Бұдан өзге ақпаратты Бас прокуратура заң тәртібіне сілтеп бермеді.

Бұған дейін Санжар Боқаев Қазақстаннан АҚШ-қа кетіп қалғанын хабарлаған еді. Оның сөзінше, қоғамның қайырымсыз жұмысынан қажып шаршаған. “Мұның бәрі қоғамға да, мемлекетке де керек емес екенін түсіндім” дейді ол.

Боқаев АҚШ-та жаңа бизнес бастаған. Қазақстандағы саяси оқиғаларға пікір білдіріп тұруды да ұмытпайтынын атап өткен-тін.

Back to top button