Оқиға
Риддерде жоғалған оқушы өлі күйінде табылды
Әлеуметтік желіде 5 мамыр күні мектеп оқушысы жоғалды деген ақпарат тараған болатын. Кейінірек кәмелетке толмаған баланың қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Анықталғандай, жоғалған оқушының денесі іздеу жұмыстары кезінде екі күн бұрын, яғни 6 мамырда таңертең табылды. Ал оның жоғалғаны туралы ақпарат 5 мамыр күні кешкісін әлеуметтік желіде тарады.
Баланың Таловка ауданындағы үйінен шығып, сол күйі жоғалып кеткені хабарланды. Ал таңертең оқушының өлі күйінде табылғаны белгілі болды.
Полиция бөлімі баланың қайтыс болғаны туралы фактіні растап, қылмыстық іс қозғалғанын, қазір тергеу жүргізіліп жатқанын жеткізді.