Жаңалықтар

Рақымбаевтың компаниясы топ-менеджерлеріне 750 млн теңге төлеген

Бұл сомаға атқарушы орган мүшелерінің еңбекақысы мен ақшалай түрдегі барлық ынталандыру төлемі кіреді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Қор биржасы таратқан мәлімет

Миллиардер Айдын Рақымбаевтың BI Development Ltd. компаниясы былтыр топ-менеджерлеріне төлеген сомасы 750 899 342 теңге болды. Ресми мәлімет Қазақстан қор биржасына жолдаған хабарламада жазылған.

Қомақты сомаға не кіреді

Аталған сомаға есепті кезеңде атқарушы орган мүшелерінің пайдасына жасалған барлық төлем, соның ішінде еңбекақы және ақшалай түрдегі барлық ынталандыру төлемі кіреді.

BI Development Ltd компаниясының негізгі құрылтайшысы – BI Group Ltd холдингі. Оның иесі белгілі – кәсіпкер Айдын Рақымбаев. Оның компаниясы жылжымайтын мүлікті басқарумен, құрылыспен айналысады.

Back to top button