Спорт

Қызын құтқармақ болған футболшының жары қаза тапты

Венесуэлалық футболшы Гектор Белло жұбайының жер сілкінісі кезінде кішкентай қызын құтқарып, өзі қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Футболшы 24 маусым күні Венесуэла астанасының батысындағы жойқын жер сілкінісі салдарынан жұбайынан айырылып қалған.

Оның айтуынша, қызы анасының арқасында ғана аман қалған.

«Сүйіктім, мен қызыма сенің өз өміріңді қызың үшін құрбан еткеніңді, соңғы сәтке дейін оны тастап кетпеген батыл ана болғаныңды айтып беремін. Бірақ мен саған ешқашан кешіре алмайтын бір нәрсе бар, жаным. Сен менің жүрегімді жаралап кеттің. Мені бұл өмірдің ауыр сынағымен жалғыз қалдырдың. Ал біз бұл жолдан бірге өтуіміз керек еді», – деп жазды футболшы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Оңтүстік Америкадағы бұл елде болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1450 адамға жетті. Венесуэла президентінің міндетін атқарушы Делси Родригестің мәліметінше, 3150 адам жарақат алып, 12 721 тұрғын баспанасыз қалған.

Back to top button