Жаңалықтар

Қырғызстанда Тәшиевке былапыт сөз айтқан экс-депутат ақталып шықты

Қырғызстан Жоғарғы кеңесінің бұрынғы депутаты Өмүрбек Бакировты Жоғарғы сот ақтады. Бұл туралы ол Kaktus.media редакциясына өзі хабарлаған.

Оның айтуынша, Қырғыз Республикасы Жоғарғы сотының сот алқасы бұрын тағылған барлық айыптар бойынша оны толық ақтау туралы шешім шығарған.

«Маған қылмысқа сыбайлас болды және сайлаушыларды сатып алды деген айып тағылған еді. Бүгін сот ақыры әділ шешім шығарып, мені ақтады. Егер Жоғарғы кеңестің VII шақырылымы жұмысын жалғастырғанда, маған депутаттық мандатымды қайтарар еді. Алайда қазір VIII шақырылым жұмыс істеп жатыр», — деді Өмүрбек Бакиров.

Еске салсақ, сайлауалды үгіт-насихат кезеңінде Бакировтың әрекеттеріне қатысты шағымдар түскен болатын.

Ош облыстық ішкі істер басқармасының мәліметінше, 2021 жылғы 7 қарашада №4 Көк-Жар бірмандатты сайлау округі бойынша парламент депутаттығына кандидат Жаңы-Ноокат ауылдық округінде үгіт жүргізу кезінде жергілікті тұрғындарға ауызсу мәселесін шешіп, ауыл жолдарын жөндеуге уәде берген. Ал 9 қарашаға қараған түні кандидаттың атынан 57 жастағы жергілікті тұрғынға тиесілі құрылыс қоймасына құны 149 мың сомнан асатын 30 тонна цемент жеткізілген.

Ведомство бұл іс Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің «Қылмысқа сыбайласу» және «Сайлаушыларды сатып алу» баптары бойынша тергелгенін хабарлаған. Сонымен қатар кандидат өкілдері Әкімшілік құқықбұзушылықтар кодексіндегі «Әкімшілік ресурсты теріс пайдалану» бабы бойынша да күдікке ілінген.

2022 жылғы 13 желтоқсанда Жогорку Кенеш депутаты Өмүрбек Бакировқа қатысты 2021 жылғы парламент сайлауының қорытындысына байланысты талап-арыз берілгені белгілі болды.

Бакировтың адвокаты Бақтыбек Мажитов бұл ескі істердің қайта көтерілуін Бакиров пен Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Қамшыбек Тәшиев арасындағы жанжалмен байланыстырған. Кемпір-Абад мәселесіне арналған отырыста ҰҚМК басшысы былапыт сөз айтып, депутаттың анасын тілге тиек еткен болатын.

Қазір тергеліп жатқан Қамшыбек Тәшиев елдің мемлекеттік-ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарған кезінде оған дәл осы депутат “ене.. с…” деп былапыт сөз айтқан еді.

Back to top button