TOP-1Жаңалықтар

Қырғызстан да Қазақстаннан бензин сұрап отыр

Қырғызстан бензин тапшылығын алдын алу үшін Қазақстан, Беларусь, Әзербайжан, Өзбекстан және Түркіменстаннан жанармай сұраған. Бұл туралы Қырғызстан энергетика министрлігіне сілтеп Reuters агенттігі хабарлады, деп жазады Tizgin.kz.

Министрлік мәліметінше, бензинді алдағы уақытта тұрақты жеткізу үшін Ресей, Қазақстан, Беларус, Әзербайжан, Өзбекстан және Түркіменстанға ресми өтініш жіберілген. Ведомство Қырғызстанда қазірше бензин қоры жеткілікті екенін айтады. Бірақ Қырғызстан мұнай рейдерлер қауымдастығы кейбір бекеттерде АИ-95 бензині тапшы екенін, АИ-92 бензині 30-45 күнге ғана жететінін хабарлады, ал егін жинау маусымына керекті дизель жеткілікті дейді.

Жалпы Қырғызстан жанар-жағармайдың 90 пайызын Ресейден алады. Ал Украина Ресейдің мұнай базаларына жасаған соққыларынан соң қазір Ресейде бензин тапшы болып жатыр. Ресей президенті Владимир Путин өткен аптада Мәскеу бензин экспортын шектеуі мүмкін екенін айтқан.

Бұған дейін Reuters агенттігі дереккөздеріне сілтеп, Қазақстан Ресейге 50 мың тонна бензин жеткізбек деп жазған еді. Ал Қазақстан тарабы Ресей ресми түрде бензин сұраған жоқ, сұраса “тиімді коммерциялық шарттармен қарастырамыз” деді.

Back to top button