«Қылмыскерді көруге келдіңдер ме?» Нұрлан Сабыров алғашқы концертін берді
Нұрлан Сабыров Ресейге кіруге тыйым салынғаннан кейінгі алғашқы концертін берді. Оның кеші Пхукетте өтті, деп хабарлайды Tizgin.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.
САБЫРОВ СОБЧАК ТУРАЛЫ
2000 орынға шақталған Royal Phuket City Hotel қонақүйінің конференция залында Сабыров Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынғаны туралы әзіл аралас пікір білдірді. Билет бағасы 6 мыңнан 20 мың рубльге дейін болған. Әзілкешті көруге келген көрерменмен зал лық толды.
Сахнада сөз сөйлеген Сабыров журналист Ксения Собчакқа тоқталды.
«Собчакқа қолдауы үшін респект, бірақ шынымды айтсам қажет емес еді. Әйтпесе 500 жылға тыйым салып, концертті Сатурнның бесінші сақинасында өткізуім мүмкін», – деп әзілдеді ол.
“ЗЕЛЕНСКИЙ ОНДАЙ ТЫЙЫМ АЛМАҒАН ШЫҒАР”
Әзілкеш көрермендерге тағы бір тосын қалжың айтты. Ресейге кіруге 50 жылға тыйым салынғаны Сабыровтың өзіне де таңсық жағдай болған көрінеді.
«Көпшілігі концертке келген шығар, бірақ көбі «қылмыскерді» көруге келген сияқты. Тіпті Владимир Зеленский де ондай тыйым алмаған шығар», – деді әзілкеш.
Сабыров алдағы уақытта патриоттық концерт өткізетінін айтып та әзілдеген.
МӘН-ЖАЙЫ
Айта кетейік, комик 5 ақпаннан 6 ақпанға қараған түні Дубайдан оралғаннан кейін Внуково әуежайында ұсталған. Оған Ресейге кіруге тыйым салынғаны туралы құжат табысталған. Тыйым 30 қаңтардан бастап күшіне енген, бірақ Нұрлан бұл туралы елге келгенде бір-ақ білген. Сол күні ол Алматыға ұшып кеткен. Әзілкеш елге оралғаннан кейін Қазақстанның арнайы қызметтері оның Ресей әскери күштеріне мотоциклдер беру фактісі бойынша тексеру бастады.